Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4869 0 пікір 3 Маусым, 2014 сағат 11:50

МИНИСТР ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Индияның Ауыл өңірін дамыту министрі Гопинатх Мунде жол апатынан қайтыс болған. Аталған елдің Көлік қатынасы министрі Нитин Гадкари: «Апат әуежай жолында болды, апат алдында оның жүрегі тоқтап қалған», - деп ақпаратты журналистерге растаған. Бұл туралы BBC хабарлады. Билік растағандай жол апатынан ауыр соққы алған министр ауруханада көз жұмған.

64 жастағы министрдің осы қызметке тағайындалғанына  бар-жоғы бір-ақ апта  болыпты. Ол мамыр айының соңында Индия Премьер-министрі болып сайланған    Нарендры Модидің командасында жұмыс істеуі керек болған.

 Мамыр айының соңындағы Индия премьерін   сайлауда Бхаратия Джаната (БДП) партиясы жеңіске жеткен болатын. Сарапшылар аталған сайлауды соңғы отыз жылда өткен ең нанымды сайлау болды деп бағалаған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364