РЕСЕЙДЕ БІРҚАТАР ОРЫНДАРДА ШЫЛЫМҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
РФ ІІМ 1 маусымнан бастап елде 2013 жылдың 23 ақпанындағы «Азаматтардың денсаулығын қоршаған темекі түтінінен және темекіні тұтынудың зардаптарынан қорғау туралы» Федералды заңның бірқатар ережелері күшіне енгенін хабарлады. Заңға сәйкес, алыс жолға шығатын пойыздар мен алысқа жүзетін кемелерде, теміржол платформаларында, қонақ үйлер, дүкендер мен сауда орындарында, стационарлы емес сауда нысандарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында темекі тартуға тыйым салынады. ҚазАқпараттың хабарлауынша жоғарыда аталған орындарда темекі шеккені үшін азаматтарға 500-ден 1,5 мың рубльге дейін, ал балалар алаңында бұл ережені бұзғандарға 2-3 мың рубльге дейін әкімшілік айыппұл салынады.
Сондай-ақ ведомствода полицияның теміржол вокзалдарының ғимараттарында, автовокзалдарда, әуежайлар мен теңіз порттарында, өзен порттары, метрополитен стансаларынан 15 метрге дейінгі жерде ашық аспан астында, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге арналған орындарда темекі шегетін болса, жауапкершілікке тарту өкілдігіне ие екенін атап өткен.
Абай-ақпарат