Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5224 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 11:58

УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІН 7 МАУСЫМДА ҰЛЫҚТАЙДЫ

 

Украинадағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі 7 маусымда өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. 25 мамырда өткен Украинадағы Президент сайлауы нәтижесі бойынша миллиардер Порошенко 54,7 пайыз дауыс жинап, Украинаның жаңа президенті болған еді.  

Петр Порошенко бұдан бұрын парламент депутаты, энергетика министрі сияқты қызметтер атқарған. Сондай-ақ ол Украинаның ірі олигархтарының ондығы тізімінде. Сайлаудың алғашқы нәтижелерінен-ақ алға шыққан Порешенко сайлау бітер-бітпестен баспасөз конференциясын өткізген еді. Алғашқы ісі елдің шығысындағы жағдайды тұрақтандыру болатынын айтқан ол, Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындамайтынын айтқан болатын. Сондай-ақ ол Еуроодақпен байланысты нығайтпақ. Сайлаудан соң құттықтау білдірген Польша президенті Бронислав Коморовский  маусым айының 3-4 күндерінде Петр Порошенконы Украина президенті ретінде елге ресми сапармен келуге шақырған болатын. Бұл Порешенконың алғашқы ресми іс сапары болмақ.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318