Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5125 0 пікір 29 Мамыр, 2014 сағат 11:51

БАЙҚОҢЫРДАН "СОЮЗ ТМА-13М" ҒАРЫШ ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛДЫ

Мамырдың 29-ына қараған түні Астана уақытымен сағат 01:57 кезінде Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" ғарыш зымыраны ұшырылды. Бұл туралы «Азаттық радиосы» жазды.

"Роскосмос" агенттігінің дерегі бойынша, зымыран "Союз ТМА-13М" транспорттық ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына алып ұшқан. Кеме экипажы құрамында "Роскосмос" ғарышкері Максим Сураев, НАСА астронавты Рида Вайзман мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Александр Герста бар.

Естеріңізге  сала кететін болсақ,  16 мамыр күні Байқоңырдан ұшырылған "Бриз-М" блокты "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылғаннан 9 минут өткенде ақау шығып, орбитаға шыға алмай қалған болатын. Зымыран қалдықтары жоғарғы атмосфера қабатында жанып кеткені хабарланған. Ол зымыран ғарышқа құны 1 миллиард рубльден асатын "Экспресс-АМ4Р" байланыс спутнигін шығаруы тиіс болған еді.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318