ҚЫТАЙ ХАБАР АЛМАСУДЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАМАҚ
Қытай билігі мобилді хабар алмасу бағдарламаларын теріс бағытта пайдалануды болдырмауға әрекеттер ете бастады. Бұған дейін Қытайдың батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиясында хат-хабар алмасу қатаң қадағаланып келген болса, енді тұтас қытайдың мобильді хабар алмасу бағдарламалары мен хабарлама мазмұндары қатаң сараланбақ. Бұл туралы ақпаратты Син Хуа агенттіні таратты.
Қытай билігі өзара ұқсас бағдарламаларды пайдалану арқылы қоғамдық пікірмен келісіле бермейтін залалды және тиым салынған ақпараттар тарауының кеңейе түскеніне алаңдап отыр. Елдің жетекшісі жария еткендей террорлық әрекеттермен айналысты деген күдікпен ұсталғандар жарылғыш заттарды дайындау ақпараттарын мобильді бағдарламалар арқылы бір-бірімен бөліскендерін мойындаған.
Айта кететін болсақ әлемде мобильді хабар алмасу бағдарламаларын ең көп қолданатын ел Қытай болып саналады. Бір ғана WeChat бағдарламасының Қытай территориясындағы қолданушылары 800 миллионнан асады. Сондай-ақ Қытайда «Facebook», «Twitter» сияқты әлемдік әлеуметтік желілерге қол жетімсіз. Тіпті ең алпауыт видеохостинг «Youtube»-ты да Қытайлықтар пайдалана алмайды.
Абай-ақпарат