Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7023 0 пікір 28 Мамыр, 2014 сағат 13:13

Әсемғазы Қапанұлы. Әлпештеген қызы не болды екен?

Ертеректе егделеу келген бір әйел әріптесім болып еді, жасы үлкен болған соң жұмыста оны бәрі силайтын. Ол үнемі айтып жүретін "жалғыз қызым бар, Англияда оқиды, тапқанымды соған жіберем, оқуы өте жақсы" деп. Оған іштей сүйініп тілектес болатынбыз. Бір күні әлгі айтты. "Қызым келер жылы оқу бітірмекші, оған сонда қал дедім, өзіңе ұнаған бір ағылшынға тиіп ал, сонда бақытты боласың дедім" деп. Бұл сөзді құптап басын изегендер де табылды, біраз қыз жігіттер әлгі қатынға "Неге" деп дүрсе қойдық . Сондағы оның жауабы мынау "Қазақ жігіттері ішеді, бәрі жалқау, мен оларды жек көрем"...

Сол сөзден кейін мен де оны жек көрдім, Құдай оңдағанда содан бері жолымыз түйіскен жоқ. Арада біраз жыл өтті, жексенбі күні базарда жүріп оны сыртынан көріп қалдым, әлі сол қалпы екен, қолында көп пакеті бар жедел басып кетіп барады. Жортқанда жолы болсын дедім іштей.
Бірақ, екі күннен бері мені мазалаған, естігеннен кейін Сізді мазалаған сұрақ туып тұр мұнда: "Оның әлгі қызы не болды екен, бақытын тапты ма екен!"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318