Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2694 0 пікір 11 Мамыр, 2010 сағат 04:39

Жеңіс күні Алматыда құны $120 мың болатын джип ұрланды

Алматы. 11 мамыр. ҚазТАГ - 9 мамыр күні Алматының Медеу ауданында тағы бір қымбат автокөлік ұрланды, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

Белгілі болғанындай, бұл жолы қаскүнемдердің көзі «Атырау» шағын ауданындағы «Верный» автокөлік жуу бекетінде тұрған 2007 жылы шығарылған Mercedes Benz G500 көлігіне түскен.

Көлікті пайдаланғаны үшін жауапты коммерсант оның жоғалғанын сағат 21-лер шамасында анықтап, бірден полицияға хабарлаған.

Ақпаратқа сәйкес, қаладағы ЖШС-тердің бірінің 38 жастағы менеджері джиптің құнын $120 мыңнан аса қаржыға бағалап отыр.

Қала және облыс бойынша «Перехват» операциясы жарияланғанына қарамастан, КР сериялы мемлекеттік номерлері бар (полиция сериясы) автокөлік табылған жоқ. Дереккөздердің пікірінше, оны табу оңайға соқпас. Әдетте, ұрылар Алматыда ұрланған көліктерді сату мақсатында Орта Азияның көрші мемлекеттеріне айдап апарады, ол жақтан машинаны қайтару өте қиын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371