Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 5542 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 15:33

ЕАЭО шарты жасаларда Минск пен Мәскеу ҚР тәсілін қабылдады

Еуразиялық экономикалық одақтың Шарты жасаларда Минск пен Мәскеу Қазақстан ұсынған әдіснамалық тәсілді қабылды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев мәлімдеді.

- Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан алғашында бізге 2 мыңға жуық беттен тұратын ЕЭО жайындағы Шарттың жобасын ұсынған болатын. Біз оны дәл сол қалпында қарастырудан бірден бас тартып, оны институционалдық (құрылтайлық) және функционалдық (экономикалық) деп екіге бөліп тастадық. Шарттың институционалдық бөліміне тоқталып өтетін болсам, Минск пен Мәскеу Қазақстан ұсынған әдіснамалық тәсілді қабылдаған болатын. Ол бойынша бірінші Шартты кезең-кезең бойынша құрып аламыз, одан кейін барып стратегиялық қадамдар тұрғысынан мәмлеге келе отырып екінші бөлімін құрамыз. Бұл әдістің қабылдануы біздің ұлттық мүддемізді Шарттың негізіне сала отырып құруға мүмкіндік берді, - деп атап өтті ол.

 

Baq.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318