Дүйсенбі, 4 Қараша 2024
Билік 5909 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 15:10

ҚР ЖОО дипломдары Ресей мен Беларуста мойындалады

DSC

Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан кейін өзіміздің жоғары оқу орындарынан берілетін дипломдар әріптес мемлекеттер университеттерінің дипломдарымен тең дәрежеде мойындалады. Бұқаралық ақпарат  құралдары өкiлдерiмен кездескен Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Тимур Жақсылықов осылай деді. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Тимур Жақсылықов: «Бүгінде азаматтардың бiлiмі туралы дипломдарды әріптес елдер арасында мойындау мәселесiнде кедергілер бар. Нақтылай айтқанда, Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы елдердің адамдары қазіргі кезде орта бiлiм, жоғары бiлiм туралы дипломдарын растауы қажет. Мәселен, бiздiң елiмiзде жұмысқа орналасқысы келген азамат өз дипломын растау үшін нострификация немесе басқа рәсiмдеу сатыларынан өтуі керек. Енді біз бұл талаптарды келешекте алып тастамақпыз. Яғни, Ресей немесе Беларусь елiнде бiлiм алған азаматымыз елімізге жұмысқа орналасқан кезде дипломын растау рәсiмдерiнен өткізудi ешкiм сұрамайды», – деді.

Сондай-ақ, ол бiздiң Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті және өзге де аймақтық жоғары оқу орындарының дипломдары Ресейдің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, сондай-ақ, басқа да жоғары оқу орындарының дипломдарымен тең дәрежеде қарастырылатынын жеткізді.

http://egemen.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 889
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1130
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1083