Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8943 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 10:40

ЖАЛЫН ЖУРНАЛЫ МАРАПАТТАЛДЫ

 

Ұлттық әдебиет, мәдениет және руханият салаларында 1969-жылдан бері елеулі еңбек етіп, ұлттық рухтың кемелденуіне аянбай қызмет етіп келе жатқан «Жалын» журналы еліміздегі басылымдар арасында ең бірінші болып, Түркі әлеміндегі беделді ұйымдардың бірі - Түркі әлемі жазушылары мен өнер қайраткерлері қоры (TÜRKSAV) тағайындаған  «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының иегері атанды.

Халықаралық мәнге ие бұл сыйлық пен арнайы диплом «Жалын» журналының бас редакторы, Қазақстанның Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановқа Қырғыз елінің астанасы Бішкекте 21-ші мамырда салтанатты түрде табыс етілді.

Түркі әлемі жазушылары мен өнер қайраткерлері қоры (TÜRKSAV) өз сараптамасында журналға: «Жалын» журналы жарық көре бастаған алғашқы күннен бастап-ақ жас қаламгерлерді өз шаңырағына жинай білді. Оларды ұлттық мүддеге баулыды және көптеген қазақ жазушылары мен ақындарының алғашқы әдеби мектебіне айналды. Журнал әдеби туындыларды оқырман қауымға таныстырумен қатар қоғамда орын алған сан-салалы мәселелердің бәрімен қоян-қолтық араласып, қоғамдық пікір қалыптастырумен келеді. Сонымен қатар,  Түркі әлемінің ақын-жазушыларының еңбектері «Түркі әлемінің қаламгерлері» айдарында тұрақты түрде жариялануда» деп баға бере отырып,  «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығын  «Қазақ-түркі әдебиетінің өткені, қазіргі кезі және болашағы үшін сіңірген еңбегі үшін» негіздемесі бойынша табыстады.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394