Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3974 0 пікір 26 Мамыр, 2014 сағат 09:41

ҚЫТАЙ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТТІ

 

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесі (ШҰАӨ) полициясы 23 экстремистік және террористік бағыттағы топты құрықтады. ҚазАқпараттың хабарлауынша Қолға түскендердің бәрі экстремистік материалдарды зерттеп, жарылғыш заттарды дайындау тәжірибесімен алмасқан. Жедел шаралар  барысында 200-ден астам жарылғыш зат тәркіленген. Айта кететін болсақ, кеше, 25 мамырда ресми Пекин  1 жылдық мерзіммен антитеррористік операция бастағаны туралы жариялаған еді.  Басты назарда батыс қытай жіті қадағаланатын болады. Қытай билігі елде болып жатқан жағдайларға «Шығыс Түркістан» террористік тобының қатысы бар деп санайды. Мәліметтер бойынша, олардың «Әл-Каидамен» байланысы бар болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жарты жылда Қытайда бірнеше ірі теракт орын алды. соңғы теракт 22 мамыр күні Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімжі қаласындағы базарда болып, жарылыстан 39 адам қаза тауып, 90-нан астамы жарақаттанды.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395