Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 5701 0 пікір 30 Желтоқсан, 2014 сағат 11:04

ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЕРЛЕРІ

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Елбасы атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әнуарбек Құсайынов пен Егор Ковлягинді алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жалпыұлттық акция аясында өңір басшысы оларды Елбасы атынан құттықтап, сый-сияпат тапсырды.

Әнуарбек Хайдарұлы 1926 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылында туған. Майданға 18 жасында аттанған. Ардагер Екінші Беларусь майданы құрамында болған. Белоруссия, Польша мен Германияны азат етуге қатысқан.

А.Х. Құсайынов ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының жиырма жылдық жеңісі үшін» және «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының отыз жылдық жеңісі үшін» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 

Ұлы Отан соғысының ардагері Егор Ковлягин де облыс әкімінің құттықтауын қабыл алды.

Егор Павлович 138-ші артиллериялық атқыштар полкінде соғысқан. Ардагер солтүстік-шығыс Қытайды азат етуге қатысқан.

Абай-ақпарат.

(Мақала «Қазақпарат» ХАА деректері негізінде әзірленді).

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 651
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2549
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1616