Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5027 0 пікір 25 Желтоқсан, 2014 сағат 08:45

ҚМДБ: 365 КҮННІҢ ТӘПСІРІ

2014 жылдың қаңтарында дін саласындағы уәкілетті орган мен ҚМДБ-ның арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

Египет пен Түркияның діни басқармаларымен, Мәскеу қаласындағы Ислам университетімен жасалған уағдаластық шеңберінде еліміздің 64 имамы аталған елдерде білімін жетілдіруде.

Республика бойынша мешіттер жанындағы сауат ашу курстарында 22 592 адам діни білім алды. Дін қызметкерлері 1 млн. 168 мыңнан астам тұрғындарымызға дін жайында халықтың көкейінде жүрген сұрақтары бойынша ақпараттарды жеткізді.

Өзекті діни мәселелер бойынша, соның ішінде «тәкфіршілер», «хижрат», «жиһад» ұғымдары және қазіргі заман туралы 23 пәтуа шығарылды.

Қасиетті Рамазан айында 17 280 тұрмысы төмен отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Еліміз бойынша осы айда 550 447 адамға ауызашар беріліп, 480 рухани шаралар өткізілді. 

Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның құрылымында 3 967 діни мамандар қызмет атқарады.

Имамдар корпусының діни білімін тереңдету жұмысы қолға алынды.

Осы ретте мемлекеттік органдармен бірлесіп имамдардың біліктілігін көтеруге арналған арнайы курстар ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың 9 айында 1400-ден астам дін қызметшісі білімдерін жетілдірді.

Имамдардың атқарып жатқан қызметіне лайықтығын анықтау ретінде мешіт имамдарын аттестациялау жұмыстары өткізілді. ҚМДБ-ның аттестациялық комиссиясы Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының 1031 имам-молдасы аттестациядан өткізілді.

ҚМДБ басшылығы дінге сенушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін топтардың қызметін ұйымдастырды. Қазіргі кезде отандық жетекші 30 исламтанушысынан құралған ҚМДБ-ның 6 республикалық тобы қызмет атқаруда. Үстіміздегі жылы олардың тарапынан 200 мыңнан астам тұрғынды қамтыған 1339 іс-шаралар өткізілді.

Өңірлердегі  діни қызметкерлер арасынан да Жергілікті ақпараттық-насихат топтары (ЖАНТ) жасақталды. 264 білікті имамның басын құрайтын 68 топ мүшелері түрлі әлеуметтік топтар арасында 356  620 кездесу өткізіп, 1 млн.  168 мыңнан астам тұрғындарымызға дін жайында халықтың көкейінде жүрген сұрақтары бойынша ақпараттарды жеткізді.

Жастар арасында 1210 тақырыптық кездесулер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған аудиторияға  арналған тақырыптар шеңберінде 425 мақала жарық көрді.

Ағартушылық-түсіндіру жұмысының нәтижесінде жат ағымдар қатарында жүрген 302 отандасымыз дәстүрлі дінімізге қайтарылды.

ҚМДБ «Зекет» қорының бас кеңсесі әр түрлі жағдайларымен көмек сұрап келген мұқтаж кісілерге қайырымдылық көмек ретінде 1 млн. теңге  көлемінде көмек көрсетті.

Астана мен Алматыдағы Қарттар үйлерінен 4 қарияға кіші қажылыққа тегін жолдама берілді. 

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 6755 отбасынан шыққан балаларға  мектепке керек-жарақтары сатып әперілді.

Жастар ұйымдарымен бірлесе отырып қайырымдылық, спорттық және сенбілік түрінде 255 шаралар өткізіліп, іс-шараларға 196 514 жас буын өкілдері қатысты. Студенттер арасында өткізілген «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты сенбілік акциясында 20 мыңға жуық көшет ағаштары отырғызылды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303