Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6096 0 пікір 19 Желтоқсан, 2014 сағат 11:24

Тұрсын ЖҰРТБАЙ. «ОТЫЗ ҮШТІҢ» МӘНІ

«Америка күнделіктері» атты жолжазба-кітабының  кезекті тарауларын жалғастырамыз. Ал, мына сілтемелер арқылы алдыңғы жазбаларды тауып, оқи аласыздар:

 

http://abai.kz/post/view?id=2410 

http://abai.kz/post/view?id=2392

http://abai.kz/post/view?id=2365

http://abai.kz/post/view?id=2341

http://abai.kz/post/view?id=2328

http://abai.kz/post/view?id=2298 

http://abai.kz/post/view?id=2264

http://abai.kz/post/view?id=2251

http://abai.kz/post/view?id=2238 

 

11.01. 2014

«33»-ке тәфсір (Күнделікке қосымша)

«Жить в мире, не стремясь понять его смысл  – все ровно что расхаживать по огромной библиотеке и не трогать книги». Мэнли П.Холл. Тайные учения всех времен и народов, предисловие к изданию 1975 года».

Дэн Браунның «Утраченный символ»  («Жұмбағы шешілген ныспылар») кітабындағы осы сөзде көп құпия мен мағына бар. Кітапхана басқара отырып, кітап сөрелеріне көз қиығымыз түспейтін күндер мен апталар болатынын несіне жасырам. Ал ойға алған  кітап қолға түспесе ынтықтыра тартатыны анық.

Отыз үш (33) цифры да мені   сол бимағлұм, белгісіз сырымен өзіне тартты. Міне шаршап-шалдығып Филадельфиядан (Бауырластар қаласынан) келсем де, сол «33»-тің суыртпағын суыратын Дэн Браунның «Ныспыларын» тағы да парақтап отырмын. «Күнделікті» толтырудың орынына баяғы Алматыдағы «33»-тің әнін Нью-Йорктағы Гарлемде жалғастыра айтып отырмын.

Неге? Себебі, бүгін Филальделфиядан масондардың құпия ғимаратын көрдім. Нью-Йорктегі Морганның масондық ғимаратын, Бродвейдің басындағы үштік не үшемдік масондық шіркеуді көргеннен, кейінгі елітудің, ертең ең биік мәртебелі масон Дж.Вашингтонның есіміндегі Американың астанасына барар алдындағы елегізудің әсері болуы мүмкін. «Күнделіктің» шимай-шатпақ нұсқасы «Қалта қатирасына» түскендіктен де, алаңсыз осы жолдарды жазып отырмын. Айтпақшы, міне, бірнеше ғасырлардан бері әлемді бөліске салып, «бөліп алып билеп» келе жатқан тегі француз Дюпонның, «қару-жарақтың» әкесі, «соғыс құдайы» Дюпонның әйеліне арнап ашқан «Гүлдер бақшасын» 2 сағат аралағанның әсерінен арыла алмай отырмын. ЕуроАзияны, Американы, Африканы қару-жарақпен, оқ-дәрімен, әскери ұшақпен, теңіз әскери лайнерімен жарақтап, миллиондарды қазаға ұшыратып, миллиондаған әйелді жесір қалдырып, миллиондаған баланың көз жасының  обалына қалған әлемнің Бас масондарының бірі Дюпон әрбір сапарынан  (әрине, қару-жарақ сатып қайтып) өзінің сүйікті әйеліне гүлдердің тұқымын әкеп, гүл бақшасын ашқаны қандай нәзіктік! Қандай қатыгездік! Қандай қайшылық! Қандай екібетті махаббат?!! 

Ал осы Дюпон да масондардың, дүниені 1922 жылы бөліске салған жеті марқасқасының біреуі. Американы отызыншы жылдардағы «ұлы депрессиядан», қырқыншы жылғы тоқыраудан  қару-жарақ өндіріп (бірінші, екінші дүниежүзілік соғыста  түсірген пайдасы арқылы) құтқарған адам!  Ұлы ма, зұлым ба? Айта кетейін, Джордж Вашингтоннан басталатын Американның 44 президентінің дені масон бауырластығының мүшесі екен! Ал дүние масондардың қормал қазынасының кілті – Вашингтон шаһарында көрінеді. Ертең сол шаһарға аттанамын. Қазақтың да екі-үш «бас башқандары» осы ложаға мүше-міс. 200 миллион долларға шамалас құны бар араб халифатының зұлпұһарын – «серт семсерінің» ныспысы ретінде сатып алыпты-мыс!

Сонымен, 33-ке үйірілейік.

Көркем әфсана  бойынша: «ол қазына мен құпия әлдеқайда жасырынған», ал масондардың «серт сарайының» рет саны 1733. Миладиге дейінгі Мавсон патшаның орамына ұқсас «мавзолей» «33» – дәрежеге көтерілген. Ұлы масон – Мастер, жаңа масон – Ізденуші – деп аталады. «Семсер» астынан сертке өтеді. Бассүйектегі қызыл шарапты ішеді. Ол: «Құпияны ашсам басымды осы семсер шауып түссін. Қаным осы, қызыл шараптай төгілсін» – дегенді білдіреді. Олардың тыңдайтыны сазы – «Вещий свет» , «Реквием», «Судный день»!

Вашингтон қаласының сәулетін түсіну үшін керек мағлұматтар болғандықтан да қатираға түсірдім.

(Жалғасы бар...)

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394