Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4829 0 пікір 17 Желтоқсан, 2014 сағат 16:00

КЕРЕКУДЕГІ ҚОНЫС ТОЙЫ

Павлодарда  тоғыз қабатты жаңа үй пайдалануға берілді.  Бұл осы жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларының қаржысына бой көтерген екінші үй

Жалпы  Павлодарда 12 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Олардың көбі бюджеттік мекеме қызметкерлері мен жаңадан шаңырақ көтерген жастар.  Ал жыл басынан бері Кереку қаласында 100 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген. 
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйден пәтер кілтін алғандардың арасында көп балалы және аз қамтылған отбасылар, әртүрлі топтағы мүгедек жандар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері бар.  Биыл қалада осындай 8 үй қолданысқа берілді. Әсіресе жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар қуантады. Алдағы жылы көпқабатты 12 үй салынса, олардың басым бөлігі жас отбасылардың еншісіне тимек.  Ал келер жылдың алғашқы тоқсанында 195 пәтерлік үй пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Абай-ақпарат. 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739