Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6295 0 пікір 4 Желтоқсан, 2014 сағат 15:20

БЕЛОВИЧ КІМНІҢ МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙДІ?

 

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» баспасөз қызметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылыс және құрылыс өнімдері мен тұрғын үй-шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Беловичтің айтқан сөздерін жоққа шығаратын мәлімдеме таратып отыр.

Жақында Александр Белович «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 425 мың адам кезекте тұр. Менің ойымша бұл адамдардың барлығын баспанамен қамтамасы з ету мүмкін емес. Болған күннің өзінде оған 13-14 жыл уақыт кетеді» деген болатын. Осында келтірліген айғаққа байланысты ҚТҚЖБ баспасөз қызметі банктің өз уәжін ортаға салады. « 425 мың адамның банкпен шарт жасасқаны рас. Бірақ, бұл елімізде осынша адамның баспана кезегінде тұрғандығын білдірмейді. Келтірілген санайғақтың тек 35 пайызы ғана «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдіре алады және нарықтағы баспана бағасынан төменгі мөлшерде тұрығын үй сатып алуға қол жеткізеді» делінген баспасөз хабарламасында.

Яғни, банк «Қол жетімді баспана» бағдарламасының бас операторы ретінде өз салымшыларына арзан бағадағы үйді ұсынып отыр. Бұл тек мемлекеттік бағдарламаға қатысушы азаматтарға арналған жүйе. Жоғарыда айтылған 35 пайыз адамдардың үлесі осы бағдарламаны қамтиды.

Бұдан бөлек, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» негізгі ұстанымына сәйкес, барлық  әлеуметтік санаттағы адамдар үшін қолайлы бастамалар жүзеге асырылуда. Мәселен, табысы орта және ортадан төмен қызметкерлер үшін тұрғын үй сатып алуға арналған несиелер бар. Демек, банктің қызметі тек тұрғын үй нарығындағы мемлекеттік бағдарламаға қатысумен ғана шектелмейді. Бүгінгі күні Белович мырза келтірген деректегі адамдардың 65 пайызы банктің табысы орта және ортадан төмен қызметкерлер үшін тұрғын үй сатып алуға арналған несиелеріне үміт артып отыр деген сөз.

Сондай-ақ, Александр Беловичтің «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердегі «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» үлесі жылына 150 – 200 мың шаршы метрді ғана құрайды» деген сөзі де шындыққа сәйкеспейді екен.  Ол туралы баспасөз қызметі былай түсініктеме береді: бүгінге дейін банк желісі бойынша қаржыландырылған тұрғын үйдің аумағы жыл сайын 500 мың шаршы метрден асып отыр. Баспана бағасының шаршы метрге шаққандағы құны: аймақтарда 90 мың теңгеден аспаса, Астана мен Алматы қаласы үшін 142 мың теңгені құрайды. Ал, «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде 6 млн. шаршы метір тұрығын үй салу көзделген.

Тағы бір айта кетерлігі, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» әлеуметтің төлем қабілетін ескере отырып, тұрғын үй құрылысын төменгі бағаға жүргізетін құрылыс компаняиларымен әріптестік орнатқан.» Бүгінге дейін 43 құрлыс компаниясы ойдағыдай жұмыс жасап, тапсырысты уақтында орындауда» делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Ал, банк тарапынан элиталық үйлер салып жүрген қуатты компаниялдарға тапсырыс берілмейді екен. Мәселен, «Базис-А» сияқты алпауыттардың құрылыс жүргізудегі құнын табысы орта және ортадан төмен қызметкерлер өтей алмасы анық. Әдетте, мұндай компаниялар салған тұрғын үйлердің әр шаршы метрінің бағасы 2-3 мың АҚШ долларынан кем болмайтыны ақиқат.

Демек,  Александр Беловичтің мәлімдемесінің астарында осындай бизнес-сыныптағы үйлерді салуға ниетті және оны қымбат бағаға сатуға ынталы элиталық компаниялардың қожайындарының мүддесі жатуы да ғажап емес...

 

АБАЙ.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357