Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 10616 0 пікір 4 Желтоқсан, 2014 сағат 13:47

ЕЛБАСЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Елбасының жұмыс сапары Шымкент қаласындағы әкімшілік іскерлік орталығында бой көтерген «Түркістан» салтанат сарайы мен облыстық драма театрының ашылу рәсіміне қатысудан басталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі салтанатты шаралар ұйымдастыруға лайықталған «Түркістан» салтанат сарайының жалпы алаңы 8,5 мың шаршы метр. Сыйымдылығы − 1364 орынды құрайды. Ғимарат құрылысына облыстық бюджеттен 1,4 миллиард теңге жұмсалды.  Ал облыстық драма театрдың жаңа ғимараты 8 мың шаршы метрге орналасып, оның құрылысына облыстық қазынадан 1,5 миллиард теңге қаралған.

Абай – ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 675
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2654
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1702