«ОҢТҮСТІК АҒЫНЫ» ОРТА ЖОЛДА ҚАЛДЫ
Ресейдің Еуропа елдеріне көгілдір отын тасымалдау саясаты сәтсіздікке ұшыраған сияқты. Көрші елдегі алып мекеме - «Газпром» басшысы Алексей Миллер «Оңтүстік ағыны» жобасының үзілді-кесілді жабылғандығын жария етті.
«Оңтүстік ағыны» жобасы - Ресей мен Түркия арасындағы келісім бойынша кәрі құрлықтың орталығы мен оңтүстігіне газ тасымалын жеделдететін тәуекелді жоба болатын. Оның ерекшелегі – тартылып жатқан құбыр Украинаны айналып өтетіндігінде еді. Енді Еуроодақ пен Ресей арасындағы қырғиқабақ ахуалдың ақыры «Газпромды» 4,66 млрд. долларға шығынға батырып аяқталатын болды.
Абай.kz