МӘДЕНИЕТСЫМАҚҚА АЙНАЛҒАН - АНАЙЫЛЫҚ
Сыйлағаннан не пайда,
«Сізді» қойып «сен» десе.
(Бұқар жырау)
Кеңес Одағының 70 жыл бойы миымызды судай ағызып, құлағымызға құйып келген Француз революциясының қасіреті қаншама ұлттарды ұлттық құндылықтарынан айырып, ұлтсызданып, жойылуға әкеліп соқты. Осы француз революциясын жасағандардың негізі - француз ұлтынан емес, аралас некеден және ұлты, тегі белгісіз шаталар, өзге тілде өзге ұлттың тәрбиесінде өскен тобырлар. Француз революциясының көсемдерінің бірі африкалық (будан) мулат ұлтының генералы болған.
1794 жылы мемлекеттік төңкеріс арқылы билікке келген Француз “қызыл коммунарларының” коммунистерінің алғашқы заңдарының бірі қасиетті “сіз” деген сөзді “сен” дейтін “мырза” деген сөзді “азамат” деп өзгертті. Осылай әлем тарихында тұңғыш рет адамзаттың рухани генетикасына қастандық жасалып, ұлттық құндылықтарына, үлкен мен кішінің, ата-ана мен баланың , әйел мен еркектің, туыстар арасына “теңдік” деген ақымақ түсінік кіріп, сыйластық, ибалық, адамгершілік қағидаларының арасына сына қағылды. “Жоғары мәдениеттілік” деп осы күнге дейін барынша насихатталып келеді. Керісінше, бұл - тексіздік, анайылық, дөрекілік. Адами қасиеттерден жұрдай болып, хайуандық үлгіге кіру.
Бұл надандық француз ақсүйектері арасында үлкен ашу туғызды. Өйткені, жауыз коммунистердің тұңғыш заңдарында; “Адамдардың бәрі бір-бірімен тең, жасына, лауазымына, байлығына, қожайындығына қарамай “сіздің” орнына “сен”, “мырзаның” орнына “азамат” деп сөйлеу керек” делінген. Франция қызыл коммунистерінің қолында кедей-кепшік, құл-құтандардан құрылған жендеттер әскері болды. Олар үшін рухани байлық түкке тұрғысыз еді. “Сен”, “азамат” деп сөйлемегендер, қарсы сөйлегендер “революция жауы” аталып, гильмотина балтасында Париж алаңында халық алдында бастары шабылды. Ақырында осы төңкеріс “көсемдерінің” бірі Дантонның басы да билікке таласқан жақтастарының қолымен шабылды. Қаны шапшып, дене ыршып, бас домалаған сайын надан тобырлар, ысқырып, шулап, мәз болып бір жасап қалады. Париждың орталық алаңы қан сасыды...
Бұл кезеңде атақты А. Дюманың “Ақ гүлді келіншек” (Дама с камелиями) романы жазылып, автор кейіпкерлерінің аузына “сіздің” орнына “сен” деген сөзді “зорлап” салды. Сол заманда жазушының үйіне бір шенеунік келеді де өзінен үлкен жазушыға “сен” деп тіл қатады. Бұл анайылыққа шыдамаған Дюманың ұлы: «Сіз неге менің әкеме “сен” деп сөйлейсіз», - деп дүрсе қоя береді. Әкесі араға түсіп баласы үшін кешірім сұрап, ақталып әлек болады. Ұлы жазушы, топас шенеуніктен кешірім сұрамаса, баласының күні не болар еді? ...
1917 жылы Ресейдің экономикасы ең мешеу, сауатсыз, артта қалып, халық аш, киер киім, ішер тамақ таппай аштыққа ұшырай бастады. Ресей революция көсемдері осындай оңтайлы мүмкіндікті сәтті пайдаланып, өңкей кедей-кепшік, құл-құтан, сауатсыз, жатыпішер арамтамақтарды мұздай қаруландырып, демократияға алғаш аяқ басқан Ресейлік “Уақытша Үкіметтен” қарақшылықпен билікті заңсыз тартып алды. Алғашқыда догма, көпірме бос сөздеріне сеніп қалған ел зиялылары “есін жиғанда” кеш еді. Революция “көсемдері” ылғи арамтамақ, ұры – қары, қанышер, баскесерлер болатын. Алғаш Кеңес Одағын орнатып оны басқарған 108 басшының ішінде тек бесеуі ғана аралас некеден туған шалаорыс болған қалғандары өздерін «еврей» деп атаған шаталар еді. Қылмыскерлер ертектегідей етіп ойдан “өмірбаян” жазып, езілген қара халықтың жоқтаушысы, солар үшін жанын беретін ел үшін “еңіреп туған” ерлер етіп көрсетті. Лениннің қандықол қарақшылары өздерін “большевик”, “қызылдар”, “коммунистер” деп атағандардың билікке келуін қара халық та қолдады. Революция “көсемдері” кедей- кепшік, жұмысшыларды “тап жауларымен” аяусыз күреске шақырып, байлардың, оқығандардың дүние- мүлкін талан-таражға салғызса, бұрынғы құлдары байлардың аққудай асыл қыздарын өздеріне қатындыққа алып, бірі ермекке хорлап, қарсы келгендерді аяусыз жазалады. Коммунистер адамдардың білімділігіне, біліктілігіне, сапасына қарамады, тек соларды жақтағанына, айтқандарын мүлт етпей орындайтын тәртібіне қарады. Ақ пен қараны ажырата алмайтын миллиондаған көрсоқырлар ел басқарды. Осылардың арқасында бір Сталиннің өзі 42 миллион жазықсыз жандарды құрбандыққа шалды. «Қазан төңкерісінен» пайда болған Кеңес Одағы; халқына рухани білім, ғылым, дін, ұлт жағдайына қайғы-қасірет пен қаратүнек әкеліп, 62 миллион жазықсыз халықты атып, қорлап-зорлап, түрмеге қамап 74 жылда 92 ұлтты тұқымымен жойып жіберді. Ресей революциясын жасаған “көсемдер” де Париж коммунасындағыдай ұлтсыз, адамдық қасиеттен жұрдай, дінсіз, ойдан–қырдан жиналған, қалайда жеп қалуды ойлайтын бұрынғы мемлекеттік жемқорлар, шаласауатты ұры-қарылар болатын. Ленин жемтіктестерімен қарақшылық жасар кезде пайдаланатын, бұрын орыста болмаған “товарищи” сөзін орыс әдебиетіне зорлықпен кіргізді. Түрме тілінде ол кезде бұл сөз- «товар – ищи», “ақша, тауар, байлық ізде, табыңдар» деген мағына берген. Ленин де, Сталин де басқа қалған жемтіктестері де бірде-біреуі жанын ауыртып, бір күн жұмыс істеп айлық тапқан емес. Ақшаны тек қарақшылық пен алдау-арбау, арамдықпен тауып жүргендер еді. Бұларда билікке келісімен француз революционерлеріне ұқсап “сіз” деген сөзді, “сенге” мырза” сөзін “жолдас” деп ауыстырып, өздерін басқалардан артық санап ешқандай патша, бай, кулактарға бас имейтіндігін дәлелдеу үшін олардың ерекшеленіп тұратын пароліне айналды. Қазақ совет әдебиетінің негізін қалап, революция жыршысына айналған көптеген қазақ ақын-жазушылары да әрбір шығармасындағы кейіпкердің аузына «сен», «жолдас» деген анайы сөздерді тықпалап, сыпайыға айналдырды. Осыларға еліктеген сауатыз, қараңғы қазақ жастары елдің арқа сүйенер, бай, батыр, би, молда оқымыстыларына “сіз”, “мырза” деп сөйлеуді ар санап, “сен, халық жауы, қанаушы тап өкілісің, сыйлауға тұрмайсың, кедей – кепшіктің арайлап таңы атты. Сендерді соттаймыз, көздеріңді құртамыз”,-деп әкіреңдегендер, ақыры айтқандарын істеп тынды... Қазақ өзінен кішіге де «сен» деп сөйлемей; інім, сіңлім, бауырым, қарғам, қарағым, шырағым, ботам, айналайын, күнім тағы осындай мыңдаған қаратпа сөздермен қарым-қатынас жасаған еді...
Міне,осы тобырлар жетпіс жылда қазақ мәдениетін, бүкіл адами қасиеттерін жойып жіберді.
“Сен” деген –анайылық,
“Сіз” деген - сыпайылық.
Бүгінгі ақпарат құралдарындағы ұлттық тәрбие көрмеген көптеген журналистертердің әрбір жазба-сызбалары да “қазақы әлемнен” мүлдем хабарсыз екендіктерін дәлелдеп отыр. “Сен” деген анайылықты радио, теледидар, газет-журналдарда өте дөрекі және жөн-жосықсыз әрбір сөйлем арасында: біреумен сөйлесерде, сөз бастарда, қасында қарсы қарап тұрса да “сен” деп сөйлеуді жаман әдетке айналдырған. Бұл - қазақ деген халық үшін мәдениетсіздік, тәрбиесіздік.
Бүгінде көп отбасында баласы әкесіне “сен” деп әкіреңдесе, немересі “атасына, ағасына “сен” деп едіреңдейді; әжесіне, апасына қыздары; әпкесіне сіңлісі - “сен” деп бажылдағаны, бұл отбасы мүшелерінің арасында шынайы сүйіспеншіліктің жоқтығын білдіреді. Қазақ үшін «сен» деп сөйлеу - өштесудің, ат құйрығын кесісудің белгісі.
Әрбір газет редакторы, теледидар басшысы қол астындағы қызметкерлеріне: “Анайы сөздерді сыпайы сөздермен сөйлетіп, алмастырып басыңдар десе” бес жылда рухани жұтаңдықтан біраз арылып қалар едік. Кеңес Одағы орнаған соң “кеңесше оқымыстыға” айналғандар, “қатын” деген сөзден жиіркеніп, газет, кітап бетінен теріп алып, оның орнына “мәдениетті сөйлейміз» деп “әйел” деген сөзді қолданды. Қазір “қатын” деген сөзден ата жауымыздың сөзіндей қорқамыз. Ол ешқашан қазақтың сөзі болмаған сияқты.Қазақстан телеарналарындағы телесериалдарды аударғандар қазақ емес, өзге ұлт өкілі сияқты. Қазақтың көркем әдебиетін, Абайдың аудармаларын мүлдем оқымаған деседе болады. Шетелдіктер қалай сөйлесе солай аударады. Қазақтың Ұлттық менталитетіне салып аудару саналарына кірмейді.
Телехикаялардағы аудармалардың қасіреттісі - біздің солтүстікте орысы бар, орманы бар, шалақазағы бар - бәрі жабылып “қазақша үйренеміз” деп, қазақшаны осы анайы аудармадан үйреніп жүр. Ертең бұлардың сөйлеу мәнері, сыйластығы осы телесериалдардағыдай дарақыланып, сыпайлығы жоғалып кетеді деп қорқамын.
Жақында Өзбекстанға барғанда бізде қайта –қайта беріп, әбден жауыр болған орыс киносының өзбекшесін көрсетті. Ол киноны жатқа білемін. Сонда таңқалғаным, мұны орыс киносы емес өзбек фильмі дерсің. Өйткені, орыс- орысқа “Ассалаумаалейкум” деп амандасып, кішісі үлкеніне “сіз” деп сөйлейді. Мысалы; Осы киноның бір жерінде, бұрын тастап кетіп енді қайта оралған әкесіне мектеп бітірген қызы: «Сен менің әкем емессің, кет бұл жерден. Сені жек көремін. 18 жыл бұрын тастап кеткенсің. Көргім келмейді»,-деп көкбеттенеді. Қазақтар орысшасынан сөзбе–сөз осылай аударған. Ал, өзбекшесінде - қыздың бет әлпеті көгергенмен, саналы адамның сөзі. Менің ұққаным: «Әке мен сізді 18 жыл күттім, қайда жүрсіз? Мені іздемегеніңіз ұят болды»,– деп тұр. Қаршадай қызының әкесіне зіркілдеу нышаны да білінбейді. Шіркін-ай, біздің қазақтар да, әсіресе, аудармашылар осындай саналылық танытса; сонымен қатар қазақ сөйлегенде “білесің бе?”, “түсінесің бе?”, “жарайды” деген сөздерді орынсыз қолданбайды. Ал, біздің аудармашылар әрбір сөздің арасында осындай сөздерді орынсыз тықпалаудың нәтижесінде аударманы қарабайырландырып, сүреңсіз, езбе әңгімелер шығарады. Бұл аудармашыларды «қазақ тілінен сөздік қоры аз, көркем әдебиет оқымаған, көше сөзімен ғана білімі барлар» деп ойлаймын. Мағжан Жұмабаев бабамыздың өзіне жала жауып қаматқан наданға; “Сен” – деп сізге не дейін, Тамұқта мәңгі күйіңіз» – дегені жаманды дозаққа қиса да «сен» деген жаман сөзге қимайтындығын көрсетіп тұр.
А.С. Пушкин Ресей патшасы бірінші Петрдің орыс халқын “еуропаландырамын” деп орыстың ұлттық қасиеттерін зорлықпен жойған істерін көріп: «Тек бүгінгі күнді өбектеп, өткенді өгейсіту –арамзалық, жабайылық, надандық», - деген екен. Соның кесірінен қазір дені сау, ұлттық қасиетінен ажырамаған орыс таппайсың. Орыс ұлтының аты бар - заты жоқ.
Санасында саңлауы бар адамға бұдан артық айту мүмкін емес.
Тоғайбай Нұрмұратұлы
Abai.kz