Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6054 0 пікір 10 Қараша, 2014 сағат 10:48

ЖУРНАЛИСТИКАНЫ НЕГЕ ЖЕЗӨКШЕЛІКПЕН САЛЫСТЫРҒАН?

Бір досым әжептеуір жұмыс істеп жүрген. Бір күні бастығы шақырып алды. Мақтап, мақтап келіп, жалақысына қосымша үстемақы төлеп отыратынын айтыпты. Ұсынған шарты - әркез биліктің қадамын жақтап, әлеуметтік желілерде пікір жазып отыру. Былайша айтқанда, биліктің шешімдерін қолдап отыратындардың қатарына қосылу... Досым арлы азамат еді. "Мынаны мақтап отырасың" деп тапсырғандардың ішінде ұлтының мүддесіне қайшы келетін, үмітінен күдігі басым бастамалар болған соң ол жұмыстан бас тартты. Өзінің ішкі дауысына, шынайы азаматтық үніне құлақ асқысы келді. Байып бара жатқандықтан емес. Ардан аттай алмағандықтан. Әйтпсес, оның да бала-шағасы бар... Ақыры сол жұмыстан кетті. Журналистикадан жеріді. 
Бірақ... өкініштісі, бізде солай ақша үшін мүддесін сатып жүргендер көп. Журналистиканы неліктен жезөкшелікпен салыстырғанын осындайда түсіне бастайды екенсің.

(Назира Байырбектің фейсбуктегі парақшасынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371