Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 9189 0 пікір 23 Қазан, 2014 сағат 18:36

SOS! SOS! SOS!

Уран-көл, уран-өзен, уран-бұлақ...
«Қазатомөнеркәсібіне» қарасты уран рудниктері толықтай Ресейге бағындырылды. Соның бірі - Қарағұр мен Созақтың теріскейіндегі Буденов (Қаратау) кен орны да Ресейдің қол астына өтті. Тіпті, өмір бойы жалғыз өзі уран іздеп келген «Волковгеология» бүгінде қоңыз теріп кетті. Оның орнын "Россбурмаш" деген ресейлік компания басып алды. Жалпы, уран өндірушілер мына нәрсені жақсы біледі: егер, әрбір тонна кислотадан 50 грамм уран алынса - ол өте бай кен орны болып есептеледі.

Тайқоңыр мен Таукенттегі Қазатомөнеркәсібіне қарасты кен орындарында да дәл осындай көлемде уран өндіріледі. Ал Буденов (Қаратау) ең бай кеніш. Өйткені, ол жерден әр тонна кислотаға 200-300 грамм өндіреді. Ресей жағы бай кеніштерді «басып алып» қана қойған жоқ, иен-даладағы байлыққа ие бола алмай - далаға ағызып жатыр. Мына  суреттер - уран тұнған кислота. Айдалаға ағып, арықтар мен бұлақтарға құюда. Құрамында уран және басқа да ауыр металлы көп кислотаның түсі осындай - жап-жасыл болады. Табиғат қорғау прокуратурасының бұл жайдан хабары аз сияқты...

Мұндай қоспада радиацияның бета және гамма сәулелену қаупі өте жоғары! Жергілікті атқамінерлер аудандағы радиация деңгейі қалыпты дегенннен танбауда. Ал бұл пәлекеттің жер асты суына жетпегеніне ешкім кепілдік бермейді. Егер, жер астындағы су қорына жетсе - маңындағы Қарағұр, Қаратау, Қызылбайрақ, Көктөбе, Созақ, Сызған, Қайнар, Ынтымақ ауылдары техногендік апатқа тап болды дей беріңіз! Онда Чернобыль мен Фукусимадағы апат - баланың ойыншығы ғана болып қалады...

P.S.

Инсайдерлік ақпарат "Қазатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясы  2006 жылға дейін түрлі салықтар есебінен ел бюджетіне 88 миллиард теңге төлеп келді. Ол кезде ұлттық компания уран тотығын (закись-окись урана) өзі өндіріп, оның әр келісін сыртқа 142 доллардан сататын. Ал 2006 жылдан кейін "Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық компаниясы әртүрлі салықтар бойынша қазынаға бар болғаны 26 миллиард теңгеден құйыпты. Уран тотығын өндіру толығымен Ресейдің қол астына өтті. Және оның әр келісі 40 долларға түсіп кетті. Сондай-ақ, биыл Созақ ауданында орналасқан уран өндіретін көптеген кәсіпорындарды Ресей сатып алғандықтан 3,5 мың адам жұмыстан қысқартылмақ. Сөйтіп, Школьник негізін қалап кеткен былыққа Қаппаров батқалы отыр.

Тоқтар Жақаш

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335