Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4381 0 пікір 21 Қазан, 2014 сағат 08:56

25 қазан "Астана" алаңына келіңіз

Өз еліміздің  мемлекеттік рәміздеріне құрметпен  қарау, қастерлеу, оны орнымен  пайдалану  – әрбір  азаматтың міндеті. Мемлекеттік рәміздер  еліміздің  тәуелсіздігін, оның санғасырлық  тарихын,   халқымыздың  мәдениеті мен  дәстүрін  бейнелейді. Ұлттық сана-сезім мен  азаматтық ұстанымды  қалыптастырады. Отанға деген  сүйіспеншілік пен   берілгендік  мемлекеттік рәміздерге  құрметпен  қараудан басталады.

Тәуелсіз мемлекеттердің  аумағында   ойран салып,  тұтастығын  бұзуды  көздейтіндер  дәріптеген рәміздерді, сондай-ақ  еш жерде  мойындалмаған  жалған республикалардың  туларын  өз елімізде  таратуға және  насихаттауға мүлде жол беруге болмайды. Мұны біз жете түсінуіміз керек.

Сондықтан біз, патриоттар, мемлекетшілдер, зиялы қауым  өкілдері мен журналистер Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы декларацияға қол қойылған күні – 25 қазанда  мемлекеттік рәміздерді  насихатттау үшін кездесу өткізетінімізді бұған дейін де мәлімдеген едік.

Антиеуразиялық  қозғалыстың  ұйымдастыру комитеті кезінде республиканың  әр қиырынан  бас қосқан  патриоттардың  Антиеуразиялық  форумын және қоғамдық  тыңдауын өткізгенбіз. Мемлекеттік рәміздерді  насихаттауға  бағытталған бұл  КЕЗДЕСУ  мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  қорғаудың  жаңа іс-қимыл тәсілі болып  саналады.

 

 Құрметті  азаматтар, біз  сіздерді самарқаулыққа   салынбай,  аталған шараға белсене қатысуға шақырамыз!

 Кездесу 25- қазан күні (сенбі) сағат 11:00-де  бұрынғы Жоғарғы кеңес ғимараты орналасқан  «Астана» алаңындағы (Төле би мен Абылай хан қиылысы) қазақтың батыр қыздары  Әлия мен Мәншүктің ескерткіші  алдында өтеді.

Антиеуразиялық форумды ұйымдастыру комитеті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3335
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105