Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2535 0 пікір 18 Мамыр, 2010 сағат 04:54

Саранға жаңа әкім тағайындалды

Қарағанды. 18 мамыр. ҚазТАГ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың өкімімен ҚР президенті әкімшілігімен келісу бойынша және Саран қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Виктор Иванов Саран әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

52 жастағы В. Иванов Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірген. Мамандығы - инженер-механик. Еңбек жолын Саранда рәзеңке-техникалық бұйымдар зауытының қосалқы шаруашылығының жөндеу шеберханасының меңгерушісі ретінде бастаған. Саран автокөлік кәсіпорнында түрлі қызметтер атқарған, Мичурин аудандық ауыл шаруашылық техника кәсіпорнында бас инженер, «Көксу» совхозында бас инженер болған, Абай ауданындағы «Тепличный комбинат» АҚ басқарған. 1997 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Абай ауданының әкімі, коммуналдық меншік басқармасы департаментінің директоры, қаржы департаменті директорының орынбасары болған. Осы тағайындауға дейін Қарағанды әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

Дүйсенбі күні С. Ахметов қала активінің жиналысын өткізіп, Саран қаласының бұрынғы әкімі Ерік Жиенбековке алғыс айтып, облыс әкімінің құрмет грамотасын табыс етіп, Қарағанды облысы бойынша салық департаменті бастығының қызметінде табыс тіледі.

Облыс басшысы В. Ивановтың алдына бірінші кезекте шешілуге тиіс бірқатар мәселелерді қойды, олардың ең маңыздысы - халықтың өмір сапасын арттыру.

0 пікір