Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 18 Мамыр, 2010 сағат 08:56

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов мырзамен интернет-конференция өтеді

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов мырзамен интернет-конференция өтеді
Abai.kz ақпараттық порталы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Нұртай Сабильянов мырзамен интернет-конференция өткізеді. Депутат мырза елімізде орын алып отырған саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелердің мән-жайын сайлаушылармен бірге талқылап, портал оқырмандарының сұрақтарына жауап береді.
Төмендегі пікір жазатын орынға халық қалаулысына қоятын сауалдарыңызды жолдай беріңіздер.

Сабильянов Нұртай Салихұлы 1962 жылы 1 маусымда Семей облысының Аякөз ауданының Шыңқожа ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Шыңқожа ауылындағы қазақ орта мектебін бітірді. Еңбек жолын 1979 жылдың шілде айында Аякөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы комсомол-жастар шопандар бригадасында бастады. 1980-1982 жылдары Ленинград қаласында Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін өтеді. 1988 жылы Алматы халық шаруышылық институтын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. Ол 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына қатысып, ел мүддесін ойлайтын ұлт азаматы ретінде көрінді. Ол бес рет - 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаттығына, ал 1999, 2000, 2004, 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде дауысқа түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен республикаға сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Үйленген, 4 баласы бар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475