Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2331 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 03:49

Сенатор Әбдікәрімов ШҚО-да жемқорлыққа қарсы жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп тұрады, деп есептейді

Өскемен. 18 мамыр. ҚазТАГ - Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Республикалық «Нұр Отан» қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті «жүйелі» түрде және «жемқорлық деңгейін төмендететін бағытта» жүргізіліп отыр деп сипаттады.  

Бұл туралы ол «Жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру» атты конференцияда мәлім етті, деп агенттік тілшісі хабарлады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өткен жылы облыста (2008 жылмен салыстырғанда) сыбайлас жемқорлықтың 17%-ға төмендегені, 2010 жылдың басынан бері (былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда) 38%-ға төмендегені анықталды.

Атқару органдарында әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыс топтары жұмыс істеп, олардың көмегімен көптеген рұқсат құжаттарын алу жеңілдетілген. Мысалы, мұнай өнімдерін сақтау нысандарын пайдалануға лицензия беру 50 күнге қысқартылған, жер учаскелеріне рұқсат қағаздарын алу 2 аптаға қысқартылған.

«Облыста сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 20 қоғамдық кеңес құрылған. Олардың көмегімен «Жол картасы» бойынша нысандардағы жұмыс барысы мен оларды тапсыруға қадағалау ұйымдастырылған, Өскеменнің 9 дәрігерлік мекемесінде қадағалау постары жұмыс істейді», - дейді әкімдіктегілер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475