Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2493 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 03:50

«КАТКО» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін мемлекеттік бюджетке Т31 млн-нан астам қаржы төлеуі тиіс

Астана. 18 мамыр. ҚазТАГ - Қазақ-француз «КАТКО»  кәсіпорны (БК) өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Т31 млн теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

«КАТКО» БК қалдықтармен жұмыс істеу ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚтК-нің 261-ші бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  Т15 млн 561 мың 972 теңге мөлшеріндегі айыппұл салынып, ол толығымен айыппұлды төледі», - делінен ведомствоның ресми сайтындағы хабарда.

«КАТКО» БК, делінген баспасөз парақшасында, бұрғылаудың технологиялық қалдықтарын жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз және құзыретті органдармен үйлестірілмей жасалған жинағыштарда сақтаған.  Бұл ретте кәсіпорынның кеніштеріндегі ұңғыларды бұрғылағанда пайда болған бұрғылау шламдарының қалдықтарын жинақтағыштарын салу жобасы міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтпеген. 

Одан басқа сот БК-ні мемлекетке қоршаған ортаға тигізген зиян көлеміндей қаржы төлеуге міндеттеді, делінген хабарда.

«Таукен мамандандырылған прокуратурасы Оңтүстік Қазақстан ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотқа «КАТКО» БК ЖШС-тен мемлекет пайдасына қоршаған ортаға Т15 млн 561 мың 972 теңге мөлшеріндегі тигізген зиянын өндіріп алу туралы шағым түсірді. Аталған сот шешімімен 2010 жылы 15-ші наурызда прокуратура шағымды толығымен қанағаттандырды», - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Аппеляциялық коллегия 5-ші мамырда облыстық соттың аталған шешімін қарап, күшінде қалдырды.

«КАТКО» БК «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» (49%) бен француздардың AREVA (51%) арасындағы бірлескен кәсіпорны. Кәсіпорын 1996 жылы құрылды. «КАТКО» Мойынқұм кенішіндегі Южный және Төртқұдық учаскелерінде ұңғылар арқылы жер асты сілтілендіру әдісімен уран өндірумен айналысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475