Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 7120 0 пікір 29 Қыркүйек, 2014 сағат 10:47

ИСИМ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ҚАУІП ТӨНДІРУІ МҮМКІН

Қазақстанның саяси мәселелер жөніндегі сарапшысы ИСИМ лаңкестік тобын келешекте Қазақстанның қауіпсіздігіне төнетін шынайы қатер деп атады. «Иран қазақ радиосы» сайты саясаттанушының төмендегідей пікірін жазды. ‎

Досым Сәтпаев: "ИСИМ лаңкестік тобы мен осы топтың іріткі салушы ойларының ықпалы Қазақстанның келешектегі саяси жағдайы мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіруі мүмкін. ИСИМ лаңкестік тобынан туындайтын қауіп-қатерге аймақтық елдер, әсіресе Қазақстан баса назар аударуы тиіс. Қазіргі таңда аталмыш лаңкестік топтың барлық талпыныстары Ирак пен Сириядағы соғысқа жұмсалып жатыр, бірақ осы лаңкестердің басым бөлігі – әртүрлі елдердің азаматтары. Олар басқа елдерде де бейберекеттік орнатуды көздеп отыр. Сирия мен Иракта бейкүнә жандарды өлтіруге қатысқан Орта Азия лаңкестерінің өз елдеріне қайтып оралуы болашақта аймақта жаңа қиындықтар тудырып, осы аумақта лаңкестік шабуылдардың артуына себеп болуы мүмкін»

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1129
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746