Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 6167 0 пікір 26 Қыркүйек, 2014 сағат 14:29

ҚАЗАҚСТАННЫҢ УРАНЫ 90 ЖЫЛҒА ЖЕТЕДІ

ҚазАқпараттың хабарлауынша  былтыр елімізде 22,5 мың тонна уран өндірілген.  Алдағы айларда Қазақстанның атом энергетикасы үшін алатын шикізатының көлемі 3 пайызға көбеймек. Осылайша уран өндіруден еліміз өзінің әлемдегі көшбасшылық позициясын сақтап қалады.

Ғалымдардың болжамынша, Қазақстан қойнауындағы уран көлемі 2 миллион тоннаны құрайды екен. Бұл шикізат қоры әлі 80-90 жылға жетеді.
Ал, Қазатомпром болса тек шикізат өндірумен айналыспай, алдағы уақытта оны байытып, атом станциясы үшін ядролық отын жасап шығаруды көздеп отыр.
Бүгінде Қазақстан ресейлік тараппен біріге отырып, Урал мұнай-химия комбинатының 25 пайыз акциясын сатып алған. Яғни, компанияның енді уранды байытуға тікелей мүмкіндігі бар. Жоспар бойынша, жыл сайын Қазатомпром 6 мың тонна уранды өңдейтін болады. Бұл өз кезегінде әлемдік нарықтағы өңделген уранның алтыдан бір бөлігі. Қазіргі таңда Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдегі бірінші орында тұр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 674
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2650
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1699