Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2499 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 07:41

Қазаққа латыш қазақ тілін үйрететін болды

Өткен ғасырдың басында Алаш зиялылары білімді жұрттан кеш қалыппыз, әй, қап, десіп, озық жұртпен иық теңестірейік, өнер-білім үйренейік десіп халықтың көзін ашып, көкірегін ояту үшін ұлан-ғайыр іс атқарды. Бір ғана Ахаңның әліпбиінің өзі неге тұрады. Иә, ол бір аумалы-төкпелі, қазақтың күні басқаға қараған заман болды. Ел басына күн туып, ер етігімен су кешіп жүрсе де қазақтың тілін, дінін, дәстүрін, мәдениетін өсіретін, өркендедетін, тамырын тереңге жайдыратын талай тың істер атқарды. Алаш ардақтыларының абыройлы істерін еске ала отырып, бүгінгі ғалымдарымыз бен зиялыларымыздың мүсәпір халіне ішің ашиды. Бүгін заман басқа, заң басқа, қазақ бостан ел. Сөйте тұра бүгінгі оқыған «зиялыларымыздың» «шала сауаттылығынан» ана тіліміз табанға тапталып, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз адыра қалып жатқан жайы бар. Тіпті, өзіміз өгейсітіп өзекке тебе беретін мемлекеттік тілімізді енді өзгелдер бізге үйретпекші.

Латыштардың "M.A.R.I.D.I." атты ІТ компаниясы қазақ тілін қысқа мерзімде өздігінен үйренемін деушілерге арнап алғашқы мультимедиалық бағдарлама жасап шықты. Кеше оны Мәдениет министрлігі мақтанышпен жұртқа таныстырды. Бұндай идея ел президенті Валдис Затлерстің 2008 жылы Қазақстанға жасаған сапары барысында туындаған екен. Орыстың отарында 70 жыл бірге болған одақтастарының олқы тұстарын латыш басшысы бірден байқаса керек. Бағдарламаны жасауға қазақ тілін жетік меңгерген аудармашылар, сарапшылар ат салысыпты. Бағдарлама жазылған дискінің құны 190 евро.

Жер байлығының қызығын өзгелер көріп жатыр деп зар илеуші едік, енді әлемдегі ең бай тілдердің бірі қазақ тілінің де қызығын өзгелер көретін болды. Бағдарламаны жасаушылар оған қазақ үкіметі қанша ақша бөлгенін сауда құпиясы ретінде ашып айтпады. Әрине, мемлекеттік деңгейдегі келісім болғандықтан миллиондаған қаражат кеткені сөзсіз. Әттең, сол қаражат жарғақ құлағы жастыққа тимей тілдің жайын айтатын жанашырларға, саналы ғұмырын тіл біліміне арнаған ғалымдарға немесе ІТ саласында өзіндік қолтаңбасымен танылып жүрген отандық компанияларға емес, ана-ау алыстағы латыштарға бұйырғаны өкінішті-ақ. Лексикалық қоры 13,5 сөз және 8 сөз тіркесінен құралған жаңа оқу құралының сапасы қандай екенін кейін біле жатармыз. Иә...  бәріне «жайылып жастық, иіліп төсек болып» жүрген қазіргі биліктің құзырындағы  қазақстандықтарға  Балтық бойынан келіп латыш азаматтары қазақ тілін үйрететін күн туады деп кім ойлаған?!.

«Абай-ақпарат».

0 пікір