Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6135 0 пікір 23 Қыркүйек, 2014 сағат 17:49

КОММУНИСТІК ПАРТИЯДАН ШИ ШЫҚТЫ

Қазақстанның Коммунистік партиясы іштен бүлініп жатыр. Бүгін Алматы қаласында баспасөз мәжілісін өткізген партия мүшесі Алпамыс Бектұрғанов осылай мәлімдеді. 

«Мені өз партиямның тағдыры алаңдатады. Қазақстанның Коммунистік партиясы іштей бүлініп жатыр. Партияның кейбір мүшелері оны құлатып тынбақшы. Бір өкініштісі, осы бүлікшілер бүгінде партияның билігін қолына алған. Мен ҚПК Орталық комитетінің хатшылары Василий Шамин мен Төлеубек Махыжанов жайында айтып отырмын. Олар азаматтардың басын айналдырып, Орталық комитетке теріс ақпарат беріп келеді. Сондай-ақ, партия көшбасшысы Ғазиз Алдамжаровты да алдап, оған жалған мәліметтерімен алдап отыр» дейді Алпамыс Мыңғазыұлы журналистермен болған әңгіме барысында.
Оның айтуынша, Махыжанов Шаминнің қуыршағы іспеттес. Яғни, ол әріптесінің қолымен талай тірлікті тындырып отырған көрінеді.
«Шамин өзінің партияға жетекшілік ете алмайтынын біледі. Сондықтан партия төрағалығына үміткер ретінде Төлеубек Махыжановты дайындады. Менің білуімше, Махыжанов Семейдегі партия филиалынан барлық қызметкерді қуып тынып, қазір қалалық ұйым өмір сүруін тоқтатқан. Бұл екі адам партиядағы билікті өз қолдарына алды. Осыны пайдаланған Махыжанов мені партия қатарынан қуып отыр. Компартияның болашағы бұлыңғыр, менің жаныма бататыны да осы» деп ағынан жарылды А.Бектұрғанов.
Ол партияластырына бірігіп, ұйымда орын алып жатқан заңсыздықтарға қарсы күресуге шақырды. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320