Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2620 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 10:51

Әсел Назаралы. Киіктер қырылып жатыр

Ауылшаруашылығы министрлігі (АШМ) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Батыс Қазақстан облыстық Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының шұғыл ақпараты бойынша «Охотзоопром» ӨБ РМҚК инспекторлары үстіміздегі жылғы 18 мамырда  Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында жайық таралымы киіктерінің шамамен 80-100 аналығының қырылып қалғанын тіркеді. Бұл оқиға А, Б координаттары жердің 3-4 км радиусында болған.

Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы (бұдан әрі - аумақтық инспекция) мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқиғаның көлемі мен себептерін анықтау жөнінде шұғыл шаралар қолдану тапсырылды.

Ақпарат ретінде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау, Білім және ғылым, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетіне хабарландырылды.  Сондай-ақ оқиғаның ауқымын ескере отырып, киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтауда. Бұл туралы ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеттің аумақтық инспекциясына көмек көрсетілетін болады.

0 пікір