Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2877 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 13:42

«Қазақтелеком» Megaline Mobile 3G қызмет көрсету аумағын кеңейтті

Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ - «Қазақтелеком» АҚ айдың басынан бастап, Megaline Mobile 3G брендімен интернетке қосылу қызметін көрсету географиясын кеңейтті, делінген сәрсенбі күні таратылған компания хабарында.

«2010 жылдың мамырынан интернетке Megaline Mobile 3G брендімен USB-модем арқылы кең жолақты сымсыз қосылу қызметі өзінің географиясын арттырады. Енді Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Атырау мен Ақтөбе тұрғындары жаңа тарифтермен қызметті пайдалана алады. «Қазақтелекомның» басқа да қызметтері сияқты пакетпен қосылуға басымдық берілген, яғни «Megaline Connect» пакеті енгізілген», - делінген баспасөз ақпараттық парақшасында.

Құжатта Megaline Mobile 3G қызметін көрсету үшін дәстүрлі CDMA-протоколының кеңейтілген заманауи EV-DO (3G) технологиясы пайдаланатыны айтылады. Интернетке сымсыз қосылудың аталған жобасын «Қазақтелеком» «АЛТЕЛ» АҚ-мен бірге, CDMA стандартындағы ұялы байланыс желілеріндегі мәліметтерді жіберу үшін пайдаланылатын EV-DO технологиясының негізінде іске асырып отыр. EV-DO технологиясы интернетке кең жолақты Megaline қосылудың қазіргі бар қызметтерін ұялы байланыс абоненттеріне де көрсетуге дейін кеңейтеді.

Жобаны іске асырудың алғашқы алаңы Алматы болып, мұнда ол қызмет 2009 жылдан бастап енгізілді. Қазіргі уақытта республикада EV-DO-ның 53 базалық станциясы орнатылды. 2011 жылы қызметті Қазақстанның басқ да облыс орталықтарында көрсету жоспарлануда.

Қазіргі кезде жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін келесідей тарифтік жоспарлар ұсынылады: Megaline Mobile Start, Megaline Mobile Plus, Megaline Mobile Econom, сондай-ақ пакеттік қосылу Megaline Connect.

«Сыммен қосылатын Megaline Hit пен сымсыз Megaline Mobile-ні пакетпен қосқан кезде абонент қызметті тиімді шартпен пайдаланып, республиканың осындай қызмет қосылған әр қаласында байланыста бола алады. Бұл жағдайда үнемдеу 2000 мың теңгеден асады», - делінген хабарда.

«Клиенттердің қажеттігінің артуымен бірге және кең жолақты қосылудың интеграциялануымен біз қызмет түрлерін кеңейтпекшіміз. Классиңкалық сыммен қосылған Megaline пайдаланып жүрген абоненттер USB-модем арқылы өзінің пакетін ұялы байланыс арқылы қосылумен толтыра алады. Сөйтіп, біз интернетке қосылудың екі технологиясын бір Megaline брендінде интеграцияладық», - дейді «Қазақтелеком» АҚ-ның сату жөніндегі басқарма директоры Тимур Буламбаев.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 2010 жылдың мамырынан Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Атырау мен Ақтөбе абонеттері үшін USB-интерфейсімен EVDO (3G) модемі компания филиалдарында арнайы Т5 мың бағамен және Megaline Mobile Econom тарифтік жоспары бойынша ерекше шартпен сатылатын болады. Бұл ретте модем инсталяциясы қарапайым, ал модемді күйге келтіру жинақтамаға бірге қосылып беріледі.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі байланыс операторы болып табылады. Компанияның акцияларының бақылау пакеті (51%) «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға тиесілі.

0 пікір