Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2420 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 13:43

Астана экономикалық форумында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің халықаралық орталығын құру туралы ұсыныс жасалады

Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ - Ақжол Сәдешов. 1-2 шілдеде өтетін үшінші Астана экономикалық форумында мемлекеттік-жеке меншік әріптетіктің (МЖМӘ) халықаралық орталығын құру туралы меморандумға қол қою жоспарланған. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚР президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Бұл кезеңде (екі жылдық - ҚазТАГ) Қазақстанның мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ынтымақтастық бойынша үлкен жұмыс атқарды. Голландия, Германия, Франция сияқты елдердің мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша халықаралық орталықтарымен бірнеше келісімге қол қойылды  Бұл мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып қызмет еткенде болды», - деп мәлім етті ол Алматыда форумды өткізуге арналған баспасөз мәслихатында.

«Сол кезде барлық орталықтарды бір диалог алаңында жинап, халықаралық орталық құру ойы келді. Қазір бұл мәселе талқылану үстінде, біз форум шеңберінде сондай орталық құруды жоспарлап отырмыз. Әрине қазақстандық орталық бұл халықаралық орталықты Қазақстанда құруды ұсынады», - деді Б. Сұлтанов.

Оның ақпаратына сәйкес, форум жұмысының бірінші күнінде «Әлемдегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталықтарының конференциясы» тақырыбы талқыланады. Пікірталасқа МЖМӘ орталықтарының, орталық және жергілікті органдардың өкілдері, сарапшылар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Барлығы 120-ға жуық ұйым қатысады. Конференция соңында МЖМӘ халықаралық отарлығын құру туралы меморандумға қол қою жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419