Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3457 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ДАМЫТПАҚ

Елбасы Н.Назарбаев ел экономикасының индустриалды-инновациялық даму мәселесiне үлкен мән берiп отыр. Ондағы мақсат – Қазақстанның шикiзаттық экономикадан инновациялық экономикаға басымдық беруiн қамтамасыз ету.

Бұл орайда, өңiрлердiң тынысына көз жүгiртсеңiз, iлкiмдi iстердiң бой көрсетiп келе жатқанын байқауға болады. Соның бiр көрiнiсi ретiнде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiбi қатар дамып келе жатқан Түркiстан қаласында құрылған индустриалды аймағының инновациялық жобаларды жандандыруға қосар үлесi аз болмайтын көрiнедi. Осы бағытта аталған өндiрiс алаңының тиiмдiлiгi төңiрегiнде Түркiстан қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасағанбыз. Қала әкiмiнiң орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, жалпы аумағы 40 гектарды құрайтын индустриалды аймаққа автожол, темiр жол, электр қуаты, су, сарқынды су жүйелерi тартылған. Сонымен бiрге, алдағы уақытта аймақтың сыйымдылығына қарай көлемiн ұлғайту мәселесi де негiзге алыныпты.

Жалпы, өндiрiсiн дамытып, оны тасымалдау мәселесiне келсек, тоғыз жолдың торабындағы Түркiстанның мүмкiндiгi мол. Жергiлiктi басшылықтың айтуынша, «Алматы – Мәскеу» темiржолы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлiзi өтiп жатқан өңiрдiң логистикалық мүмкiндiгiне қарай индустриалды аймақта орналасуға ниет бiлдiрiп отырған инвесторлар көп көрiнедi. Ал, солардың арасынан инновациялық жобаларға ерекше мән берiлiп отыр. Қазiр мұнда жалпы саны 9 жобаға 20 гектардан астам жер бөлiнген. Оның iшiнде ион алмастыру шайыр өнiмi, шыны-пластикалық арматура, күн сәулесiнен баламалы энергия өндiретiн панель, соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған жиїаз және құрылыс материалдарын шығаратын жобаларға рұқсат берiлген. Қазынаның 850 млн. теңгесiне құрылған индустриалды аймақ алдағы жылдары айналымы 10 млрд. теңгенi құрайтын өндiрiс алаңына айналмақ. Әзiрге, мұнда 5 жобаның құрылыс жұмыстары басталған. Жыл соңына дейiн 2 кiрпiш зауыты және 1 шыны-пластикалық арматура шығаратын өндiрiс орны iске қосылмақ. Бүгiнде осы жобалардың арасынан бiр кiрпiш зауыты өз жұмысын бастаған.

Түркiстан қаласының аумағында толық жұмыс iстеп тұрған, жылына 22 млн. дана кiрпiш шығаратын екi өндiрiс орны бар. Алайда, қаланың өзiнде жүрiп жатқан құрылыстарға жыл сайын шамамен 40 млн. данаға жуық кiрпiш қажет. Оның үстiне республика көлемiнде Түркiстан және Семей өңiрлерiнде өндiрiлетiн кiрпiшке қажеттi шикiзат сапасы жоғары болғандықтан, Түркiстанға көршiлес облыстар мен аудан, қалалардан да келетiн тұтынушылардың саны мол. «Сондықтан, кәсiпкерлердiң Түркiстан топырағынан өндiрiлетiн кiрпiш өндiрiсiн дамытуға деген құлшынысы жоғары» дейдi Т.Мұсаев. Сондай-ақ, аймақтағы кәсiпорындар толық өндiрiстiк қуаттылықта жұмыс iстесе 5 Мвт электр қуатын қажет ететiн көрiнедi. Десе де, бұл мәселе көп ұзамай өз шешiмiн таппақ. Ол үшiн осы маңнан тұрғын үйлерге және индустриалды аймаққа 16 Мвт электр қуатын тарататын подстанцияны қараша айында iске қосу жоспарға енгiзiлiптi.

Мiне, қасиеттiлiгiмен қатар сауда-саттықпен де аты танылған Түркiстанның индустриалды-инновациялық даму барысындағы қадамы осындай.

Әбдiрахман ҚЫДЫРБЕК, Түркiстан қаласы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520