Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3816 0 пікір 10 Қыркүйек, 2015 сағат 08:32

ЕЛБАСЫ ФУА-ГРА ЖАЙЛЫ ӘЗІЛГЕ ТҮСІНІСТІКПЕН ҚАРАДЫ

Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Tengrinews.kz тілшісіне Нұрсұлтан Назарбаевтың фуа-гра туралы сөзіне қатысты пікірін айтты. Ол фуа-гра жайлы "бейнелей айтқан сөздің" әлеуметтік желілерде көп талқыланғанын Мемлекет басшысының естігенін айтты.

"Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы әлеуметтік желілерде не болып жатқанын біледі, ол интернет қолданушыларының фуа-гра жайлы қалжыңдарына әзілмен және түсіністікпен қарады. Сонымен бірге, ол өзінің бейнелей айтқан сөзінің доллардың қымбаттауы мен жанар-жағармай құнының көтерілгенінен кейінгі көңіл-күйді ширатып алуға бір себеп болғанын да түсінеді", - деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы. 

"Бірақ сіздер Мемлекет басшысының тығыз жұмыс кестесін көріп отырсыздар, ол демалыссыз жұмыс істейді, елдердің басшыларымен кездеседі және Қазақстан азаматтарының амандығы үшін жұмыс істейді. Мәселен, 30 және 31 тамызда Мемлекет басшысы Қытайда жұмыс істеп жатты, ал бұл уақытта қазақстандықтар демалып жатыр еді", - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, Абаев бензиннің шарықтауына байланысты өзінің көзқарасын айтты. "Біз жанармайдың тапшылығын көрмеуіміз үшін бензин бағасын реттеуден бас тартудың қалыпты қадам екенін түсінуіміз керек. Осы тапшылықтың болмауы үшін мемлекет мұнай өндіретін зауыттарымыздың модернизациясын өткізіп жатыр. Ертеде біз бұл модернизацияны өткізе алмайтын едік, себебі бізде мұндай мүмкіндік болмады, оның үстіне көлік саны айтарлықтай өсті, бензиннің қажеттілігі артты. Бензин бізде ғана қымбаттап жатқан жоқ, мәселен Еуропада бензин бағасын өзгертпеген жалғыз ел - Мальта, себебі бензинді қайта өңдеу дамып келеді", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Айтпақшы, Мемлекет басшысы жағармай бағасының мәселесін Атырауда талқылайды, онда батыс өңірлерінің басшыларымен кездесу ұйымдастыру жоспарланып жатыр. Ол жаққа Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйекте Сочиде өтетін өңіраралық әріптестіктің 12-ші форумына қатысқаннан кейін бірден барады. Бұл форумның басты тақырыбы - агроөндірістік кешеннің дамуы. Сонымен қатар, осы күндері Президент ТМД-дағы тағы бір елге баруы мүмкін, ал нақты қай елге баратыны ҚР СІМ деңгейінде қаралып жатыр.

Ал осы жұмада, 11 қыркүйекте Астанада түркітілдес мемлекеттердің басшыларының саммиті өтеді, оның аясында оның барлық қатысуышысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шараға барады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысының айтуынша, бұл саммитке Түркия президентінің қатысу-қатыспау мәселесі қаралып жатыр. Түркиядағы ішкі саяси жағдайларға байланысты ол келе алмауы мүмкін деген болжам бар.

Еске салайық, Қазақстан Президенті фуа гра мен Ленд Крузерлерден бас тарту туралы ұсынысты Ақмола облысындағы жұмыс сапарының барысында айтқан болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев елдің ауыл шаруашылығының жетекші өндірушілерімен кездесіп, олардың республиканың басты асыраушысы екенін атап өткен еді. "Ең бастысы дастарханымызда ас бар. Тіпті ішетін сусынымыз да бар. Киеріміз де, баспанамыз да бар, сол үйлерді жылытатын отынымыз да бар. Ең басты, ең қажеттінің барлығы бар", - деді Президент. Оның айтуынша, мұның барлығы елге тыныш өмір сүруге, жұмыс істеуге және еңбектенуге мүмкіндік береді.

"Ал қалғандарынан, мәселен батыстың киімінен бас тартып та өмір сүруге болады. Рас па? Фуа-грасыз, банансыз, бізге зиян заттарсыз", - деді Мемлекет басшысы әзілдеп. "Ең үздік дейтін, Ленд Крузерсіз де өмір сүруге болады. Оларсыз да өмір сүруге болады. Елімізде өмір сүруге қажеттінің барлығы бар", - деді Президент.

Tengrinews.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6207