Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3272 0 пікір 10 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

АБАЙ АУДАНЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Облыс орталығындағы Абай ауданында 219 мыңнан астам тұрғын бар. Жер көлемi 49704 гектар. Мұнда 3 жоғары оқу орны, 11 колледж, 33 мектеп, 2 гимназия, 114 мектепке дейiнгi мекемелер, 20 денсаулық сақтау мекемесi, 3 мәдениет сарайы, 2 кiтапхана, 2 саябақ, 2 стадион орналасқан. Сондай-ақ, бұл ауданның аумағында 13 базар мен 23 кәсiпорын жұмыс iстейдi.

Бүгiнгi басты мiндет үшiншi қаланың санитарлық тазалығында, көрiктендiру, көгалдандыру жұмыстарында болып отыр. Осы бағытта 2014 жылы көпқабатты үйлер үшiн қойылған қоқыс алаңшаларын ауыстыру жұмыстарына 16 миллион 975 мың теңге қаржы бөлiндi. Соның нәтижесiнде 53 қоқыс алаңшасы ауыстырылып, жаңа үлгiдегi 224 қоқыс жәшiгi орнатылды. Биыл 59 қоқыс жәшiгiн ауыстыруға 16 миллион 766 мың теңге бөлiнiп, құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi. 783 көшенiң 403-iне санитарлық тазалық жұмыстары үшiн 280 миллион 117 мың теңге қаржы қаралған. Бүгiнде көпқабатты 424 тұрғын үйдiң аулалары мен iшкi орамдық жолдағы ирригациялық жүйенi қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жоғарыда көрсетiлген көпқабатты 424 үй «3-Энергоорталық» АҚ-ның орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған. Солтүстiк аумаққа қатысты 174, орталық аумақтағы 250 үйге актiлер түзiлiп, қысымдау жұмыстары аяқталған. Бекiтiлген кестеге сәйкес қазанның 1-iне дейiн барлық көпқабатты тұрғын үй 100 пайыз қысқы маусымға дайын болады.

Қызылжар, Ынтымақ-1, Ынтымақ-2 елдi мекендерiн ауызсумен қамтамасыз ету үшiн жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Демек, 11364 үй ауызсумен қамтылмақ.

«Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2013-2014 жылдары көпқабатты 17 тұрғын үйде күрделi және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ал, биылғы бiрiншi кезең бойынша көпқабатты 11 тұрғын үйде құрылыс жұмыстары сапалы аяқталып келедi.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердiң аулаларында жан-жағында қураған ағаш, жабайы шөп бар екенi жасырын емес. Қураған бұталарды кесу, жасыл желектердi санитарлық нормаларға сәйкестендiру жұмыстарына 845 мың теңге бөлiнген. Бұл жұмыстармен «Бадам Тас», «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС-лерi кестеге сәйкес айналысып жатыр. Аулалар мен iшкi орамдық жолдың тазалығына «Арнаулы көлiк» ЖШС-i жауапты.

Аудан аумағына жаңадан қосылған «Ақжар», «Жаңаталап» тұрғын үй алаптарының санитарлық тазалығын «ЭкоСпецТранс» ЖШС-i және «Арнаулы көлiк» ЖШС-i бақылайды.

Осылайша Абай ауданы абаттанып келедi.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434