Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 7143 0 пікір 9 Қыркүйек, 2015 сағат 13:23

ӘКІМДЕР ӘРТІСТЕРДІ САУНАҒА ШАҚЫРАТЫН БОЛҒАН БА?

Ақмола, Қостанай, СҚО облыстарының әкімдері Сергей Кулагин, Нұралы Сәдуақасов және Ерік Сұлтановтар 29 тамыз күні Ақмола облысы Зеренді ауылындағы саунаға бүкіл театр труппасын шақырып, тыныққан деп хабарлайды tribunakz.com сайты. (қараңыз:  http://tribunakz.com/today/101-akimov-treh-oblastey-v-saune-razvlekala-celaya-teatralnaya-truppa.html). Бұл туралы Матрице.kz сайтына Ш.Құсайынов атындағы драмалық театрда қызмет жасайтын әртістің ағасы Дәулет Қуанышбаев мәлімдеген.

«Менің қарындасым Ш.Құсайынов театрында жұмыс жасайды. Бірнеше күннен бері ол көңілсіз жүрді. Тек бүгін ғана ұжымымен Зерен (Зерен ауылындағы) демалыс орнына іс-сапарда болғанын айтты. Олар саунада терлеп-тепшіп халатпен отырған Ақмола, Қостанай және СҚО-ның әкімдерінің алдында өнер көрсеткен», – дейді Дәулет Қуанышбаев.

Оның айтуынша арнайы маскарад киімімен өткен бұл сауық кеш бір сағаттай уақытқа созылған. Бірақ ешкім де осы «түсініксіз» іс-сапарға ақы төлемепті.  

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434