Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3731 0 пікір 7 Қыркүйек, 2015 сағат 18:05

НАЗАРБАЕВ ЖАНАРМАЙ ЖАЙЛЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы іссапарында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін  білдірді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: "Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын" деген. 

"АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай  жасамасақ, бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді", - деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

"Бұл экономика заңдары.Оған ештеңе істей алмайсың.  Біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395