Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6990 0 пікір 7 Қыркүйек, 2015 сағат 11:44

АЗАМАТТЫҚ АЛҒАСЫН ШЕТЕЛДІК КҮЙЕУ ҚАШЫП КЕТТІ

Қазақ қызымен некелескен түрік жігіті азаматтығы қолына тиген күні үйден қашып кетті. Оқиғаны куәгер болған ағайынның бірі хабарлады, - деп жазады NUR.KZ сайты. 

Түркиялық Режеп пен Бақытгүл осыдан үш жыл бұрын алматылық “Барахолкада” танысқан. Жасы отыз екіге тақаған қыз базарда сатушы болып жұмыс жасапты. Ал көрші дүңгіршекке тон әкеліп сатқан Режеп болса, Бақытгүлге күні түні сезімін білдіріп, жар болуға көндіреді. Тіпті, Түркияға апарып, қыдыртқан.

Бақыттан басы айналған қазақ қызы Режеппен некелесіп, отау құруға келіседі. Артынша, Режеп Түркиядан тауарын тасиды. Ал Бақытгүл саудагер болып бірге жұмыс жасаған. Сәбилі болу туралы сөз шыққанда түрік күйеу бала «жеке баспана алайық, асықпайық» деп сендіріпті.

Күндердің күнінде жұмыстан оралған Бақытгүл үйден не күйеуін, не оның заттарын таба алмаған. Алғашында жоғалған алтындарын көріп, ұры түсті деп ойлаған ол жолдасын арамдыққа қимапты. Тек үш күннен соң Режеп түнде қоңырау шалып, анасы ауырып жатқандықтан Түркияға кеткенін айтады. Ал қаржы таба алмаған соң өзі сыйға тартқан алтындарды ломбардқа өткізіп кеттім деген.

Алайда күйеу бала сол кеткеннен мол кетіп, тек үш айдан соң әйелі соттан ажырасу туралы арызды көргенде шалқасынан түсе жаздаған. Артынша сұрастыра келген ол Режептің Түркияда екі баласы мен келіншегі барын естіген.

Күйеусіз қалған келіншек қазір сотқа арыз түсіріп, өзін пайдаланған алаяқтан өтемақы талап етіп, Қазақстан азаматтығынан айыруды сұрамақ.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1131
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746