Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2374 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 16:21

Қырғызстан Жамбыл облысына суаратын су беруді қайта жандандырды

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ - Қырғызстан Жамбыл облысына суаратын су беруді қайта жандандырды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне Шу-Талас су бассейіндік инспекциясы бастығының орынбасары Ғалымбек Құралбаев.

«Бейсенбі күні сағат 15.00-де Киров су қоймасының бастығы бір сағаттың ішінде су бере бастайтынын және таңға қарай қажет көлемге жеткізетінін хабарлады», - деді ол.

Қырғызстанның су беруді тоқтатқанынан келген шығын аз болуға тиіс, өйткені аймақта суару кезеңі енді басталды, деді Ғ. Құралбаев.   

Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні кешке Қырғызстан Киров және Орто-Тоқай су қоймасындағы 10 күндік жөндеу жұмыстарына байланысты Жамбыл облысына суаратын су беруді тоқтатты. Алайда облыс әкімдігі аппаратындағылардың пікірінше, бұл Астананы қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы шектеулерді алып тастауға мәжбүрлеу үшін жасалды.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мамырдың 20-сынан бастап қазақстан-қырғызстан шекарасындағы «Қордай», «Сыпатай батыр», «Айша Бибі» өткізу бекеттерінде уақытша шектеулерді алып тастауды тапсырды. ҚР СІМ-нің мәлімдемесінде айтылғандай, бұл шешім Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып,  және осы ел азаматтарының өтініштеріне қабылданып отыр.

СІМ мәліметтеріне сәйкес, өткізу бекеттері арқылы транзит халықаралық көлік, жүк және жолаушылар тасымалына, сондай-ақ, жеке тұлғаларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, жанармай материалдарын, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, ықтимал қауіптерді дер кезінде жою мақсатында шекаралық, кедендік және миграциялық бақылау күшейтіледі.

Қазақстан Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадағы шектеулерді 6 сәуірде енгізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391