Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 5569 0 пікір 5 Қыркүйек, 2015 сағат 11:00

ТІКҰШАҚПЕН ҮРКІТУ: ТЕГІНЕ ҚАРАП ТЕРГЕУГЕ АЛЫП ЖАТЫР

ЭКСПО-ның экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің туған туыстары да құқық қорғау органдары тарапынан қысым көрдік деп шағымданып отыр. Айтуларынша, тіпті ауылдағы үйлеріне дейін тікұшақпен аңдып, фотоға түсіріп, шенеуніктің өзінен кіші інісін үш күн тергеуге алған.

Бірінен соң бірі болып жатқан бұндай жағдайдан соң, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық дейді олар.

Талғат Ермегияевті 1 айлығынан бастап бағып алғам, сондықтан мен оның әкесімін деген Әмет Ермегияев ақсақал ұлы күдікке іліккелі өздерінен маза кеткенін айтады. Айтуынша, соңғы күндері Алматы облысы Райымбек ауданындағы үйлерін тікұшақ аспаннан торуылдайтын болған.

Талғат Ермегияевтің әкесі: “Ойымда ештеңе жоқ, үйде отыр едім балаларым шулап үйге жүгіріп келді. Вертолет үйдің төбесінде бізді суретке түсірді деп. Далаға шықсам, ұзын кабельменен фотоаппаратын түсіріп, үйдің төбесінде”, – дейді Әмет Ермегияев.

Тергеу ісінің мұндай элементтерінен тіксініп қалған Ермегияевтің туыстары өздеріне қатысты заң өкілдері тарапынан бақылаудың күшейгенін айтады.

Тегіне қарап тергеуге жаппай шақыртылуда дейді. Кейбірін, тіпті, ешқандай ескертусіз жұмыс орынан да алып кеткен екен.

“Талғаттан кейін Бақытжан деген балам бар Алматыда. Қарапайым жұмыскер. Соны жұмыста отырған жерінен Астанаға алып кетіпті. Келінім келді үйге жылап. Ата, Бақытжанды Астанаға алып кетті деп. Мынау не деген сұмдық!”, – деп налиды экс-шенеуніктің әкесі.

Күңіренген әкенің сөзінше, тергеушілер өзге туыстарды да шетінен жауап алу мақсатында сұраққа алып жатыр екен. Ал еліміздегі білікті заңгерлердің бірі тергеу барысында күдіктінің туыстарына қысым жасау қылмыстық процессуалдық кодексте көрсетілмеген дейді.

Тіпті, күдіктінің туыстары тергеу барысында ешқандай жауап бермеуге де құқылы екен.

Заңгер Жангелді Сүлейменовтың  айтуынша, “Туыстардың керемет құқығы бар. Тергеу барысында тергеуші куәгер ретінде сұралған күдіктінің туыстарына мұны ескерту керек. Ал туыстарға қысым көрсету заңсыз. Оларға сырттай бақылау орнату белгілі бір заң шеңберінде ғана жүзеге асу керек. Оған арнайы рұқсат болуы міндетті” екен.

Айта кету керек, Талғат Ермегияев ЭКСПО-ға бөлінген 4 миллиард 200 миллион теңгені талан-таражға салды деген күдікпен қазір үй қамауында отыр. Тергеу барысында оның қамалу мерзімін арнайы органдар осымен үшінші рет созып, 12 қазанға дейін ұзартқан.

Түпнұсқадағы тақырып: Ермегияевтің туыстары үйлерін тікұшақпен торуылдап жүргенін мәлімдеді.

31 арна

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371