Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6034 0 пікір 4 Қыркүйек, 2015 сағат 19:23

БЕНЗИН БАҒАСЫ 150 ТЕҢГЕГЕ ЖЕТУІ МҮМКІН

Қазақстанда АИ 92/93 бинзинінің литрі 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы брифинг барысында Қазақстан энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, ОКҚ-да өткен брифинг барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның еркін ауытқу бағамына өтуіне байланысты үкіметтің АИ 92/93 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты.

1 қыркүйекте Астана әкімінің бірінші орынбасары Андрей Лукин теңгенің құнсыздануы Астанадағы жанармай бағасына әсер етпейтінін айтқан болатын.

"Жанар-жағармай материалдары барлық автокөліктерге жанармай құю станциясында бекітілген мәннен асқан жоқ. Жанармайдың қымбаттауы туралы дерек тіркелген жоқ. Қазақстан энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, биыл 19 мамырда жанармайдың шекті бағалары белгіленді: АИ-80 - 89 теңге, АИ-92, 93 - 108 теңге және дизель отыны - 99 теңге. Осыған байланысты жанар-жағармай материалдары теңге бағамының ауытқуына тәуелсіз, тұрақты болып қалады", - деді Андрей Лукин ОКҚ брифингі кезінде.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739