Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4288 0 пікір 1 Қыркүйек, 2015 сағат 17:33

«САМҰРЫҚТЫҚТАР» 345 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма мүшелері ауқымды көлемде қаржылай сыйақы алды, - деп хабарлайды nur.kz  басылымы KASE-нің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның қаржы биржасының (KASЕ) ресми тізіміндегі құнды қағаздарды бақылап отыратын КASE ұйымы 2014 жылы «Cамұрық-Қазынаның» басқарма мүшелері 345 468 мың сыйақы алғанын жариялаған.

Аталған сайттың мәліметтеріне сүйенсек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының алты мүшесі бар. Олар: Өмірзақ Шүкеев (басқарма басшысы), Елена Бахмутова (басқарма басшысының орынбасары), Дәурен Ердебай (басқарма басшысының орынбасары), Нұрлан Рахметов (қаржы директоры, басқарма мүшесі), Талғат Сәрсенбаев (құқықтық сұрақтар жөніндегі бас директор, басқарма мүшесі) және Берік Бейсенғалиев (бизнесті дамыту жөніндегі бас директор, басқарма мүшесі).

Егер ортақ сыйақы мөлшерін 6 адамға бөлетін болсақ, бір адам орташа есеппен 57,5 млн теңгеден немесе 245 мың доллардан алады (қазіргі KASE бағамымен долларына 234,94 тг деп алсақ).

Еске салсақ, бір жыл бұрын “Самұрық Қазынаның” қаржы директоры Нұрлан Рахметов бонус ретінде 29,8 млн теңге алған болатын. Ол сол кездері қорда жұмыс ауыр екенін және ресейлік топ менеджерлер қазақстандықтардан әлдеқайда көп алатынын алға тартқан еді деп жазады Nur.kz сайты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6020