Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:30

Қырғызстан Қазақстанға суармалы суды жартылай беріп отыр – АШМ бөлімшесі

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ - Қырғызстан Қазақстанға су беру жөнідегі өзінің міндетін әзірге жартылай орындап отыр, деп Шу -Талас су бассейнінің инспекция бастығының орынбасары Ғалымбек Құралбаев мәлім етті.

«Талас өзеніне кешкісін су жеткілікті көлемде келуі тиіс, себебі біздікілер өз көзімен Кировское су қоймасынан су берілгенін көріп қайтты. Ал Шу өзені бойынша... Георгиевка су арнасы су алып жатыр, онда тағы екі арна - Жіңішке ақтас пен Колос қалып отыр (онда су әлі келген жоқ - ҚазТАГ), көршілермен ешқандай байланыс орната ала алмай отырмыз. Қырғыздар бұған дейін суды ашқанын хабарлаған, бірақ біздің жақ әзірге осы екі арнамен су ақпай жатқанын айтып отыр», - деді ол телефон арқылы жұма күні. 

Ғ. Құралбаев Жіңішке ақатс арнасымен Қазақстан 2,5 текше метр/с, ал Колос арнасымен 0,5 м3 алуы тиіс еді дейді. «Олар бойынша келісім болмай отыр. Мен әр жарты сағатта телефон шалып отырмын, су әлі келген жоқ», - деп налынды ол.

Бұрын хабарланғандай, Қырғызстан сейсенбі күні кешкісін Киров және Орта-Тоқай су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізетіні септі-мыс деген сылтаумен Жамбыл облысына суармалы суды беруді 10 күнге тоқтатқан.  Бірақ облыс әкімінің аппаратында бұл шара Астананы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы уақытша шектеуді алып тастату мақсатында жасалған деп есептейді.

Бұл тұста, президент Нұрсұлтан Назарбаев 20-ші мамырдан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы уақытша шектеуді «Қордай», «Сыпатай батыр», «Айша Бибі» қосындарында алып тастау туралы нұсқау берді. ҚР СІМ хабарында айтылғандай, бұл шешім Қырғыз Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай мен көптеген азаматтардың өтінішін ескере отырып қабылданды.

ҚР СІМ мәліметтерінше, «өткізу бекеттері арқылы халықаралық көлік транзиті, жүк және жолаушылар тасымалына, сондай-ақ, жеке тұлғаларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, жанармай материалдарын, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге рұқсат етіледі». Сонымен қатар, ықтимал қауіптерді дер кезінде жою мақсатында шекаралық, кедендік және миграциялық бақылау күшейтіледі.

Қазақстан Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадағы уақытша шектеулерді 6 сәуірде, Қырғызстанда президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуіне алып келген жаппай тәртіпсіздіктен соң енгізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385