ТӘЖІК ПРЕЗИДЕНТІ ҚЫЗЫНЫҢ "ДАҢҚЫ" АРТТЫ
Орта Азия елдерінің басшылары кезекті рет өздерінің тусшыл, балажан әке екендіктерін әйгілеп жатыр. Неге десеңіз, бүгін Тәжік президенті Эмомоли Рахмон туған қызы Озада Рахмонға "Шараф" ("Даңқ") орденін табыс етті.
Президенттің қызына бұл мемлекеттік награда өзге де мемлекеттік шенеуніктермен бірге Тәжікстан тәуелсіздігінің 24 жылдығы қарсаңында тапсырылды деп хабарлайды "Азаттық" Интерфакске слтеме жасай отырып.
37 жастағы Озода Рахмон 2010 жылы қыркүйекте Тәжікстан сыртқы істер министрініің орынбасары болып тағайындалған еді. 2013 жылдың қараша айында ол министрдің бірінші орынбасары қызметіне жоғарылаған болатын.
Абай-ақпарат