АCТАНАНЫ АҒАЙЫНДАРДАН ҚЫЗҒАНБАЙЫҚ
Елбасымыз Астана халқының санын 700 мыңнан асырмаймыз дегінімен, жыл басынан бері Астанаға 17 мың адам орнығып үлгеріпті. Астана қалалық статистика департементі осылай дейді.
Оның 5794-і «Алматы» ауданына тұрақтаса, керсінше бұл ауданнан 10276 адам кеткен. «Есіл» ауданына келгендер саны 6103 болса, кеткендер саны 1749 адам. «Сарыарқа» ауданына келгендер 5501, ал кері кеткендер 4576 адам екен.
Статистика мәліметіне сүйенсек, келушілердің 84 пайызын, кетушілердің 87 пайызын қазақ ұлты құрайды. Ал шынайы өмірде бәрі басқаша сияқты көрінеді. Көшеде келе жатып соқтығысып қалған адамыңа қарасаң, не үндіс не, қытай, кәріс болып шығады. Бұрын тек кинолардан көретін үндістерді қазір автобустардан, сауда үйлері, базарлардан кездестіре береміз. Басыңды қай жаққа бұрсаң да үндісті көресің. Әсіресе, Астананың сол жағалауына кешкілікте серуендеуге шыққанда « Осы біз Үндістанда жүрміз бе?» деп кейде кәдімгідей күмәнданып қалатын жағдайға жеттік. Үйіңе кіргенде ғана еліңде, өз үйіңде екеніңді бір-ақ біліп «уһ» дейсің.
Біз ғой, ішкі көші-қонға тиым салдық. Өзіміздің қандас ағайындарға «Астанаға ағыла бермеңдер!» деп айқайлап та жібердік. Сонда Астананы ағайыннан қызғанғанда ұтқанымыз қайсы?