Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4181 0 пікір 28 Тамыз, 2015 сағат 02:00

"ӨНІМДІЛІК -2020". ҚОЛДАУЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ОҢТАЙЛАНДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге жеңілдік жасалуда. Еңбек өнімділігінің артуынан отандық кәсіпорындар бәсекеге қабілеттілі болып келеді. Одан бөлек «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында қаралған мемлекеттік қолдауларға қол жеткізу оңтайланған.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес өкілдеріне мемлекеттік құжаттағы өзгерістер таныстырылды. Мамандардың айтуынша, бағдарлама арқылы қаржылай көмекке қол жеткізгісі келген кәсіпкерлер бұдан былай тек негізгі құжаттарды ғана жинайды. Қағазбастылық екі есеге қысқартылып, әкімшілік кедергілер жойылмақ. Айта кетейік, іскерлер бағдарламаны пайдалананып, шет мемлекеттермен әріптестік орнатуына сондай-ақ озық технологияларға қол жеткізуінене де болады.

Олжас Тоғаев, Кәсіпкерлерге қызметкөрсету орталығының директоры: «Кәсіпкерлер тек негізгі 12 құжатты жинайды. Шетелмен әріптестік жасау шығындарының жартысын, кей жағдайда толықтай мемлекет тарапынан төленеді. Озық технологиялар енгізу мен кәсіпорынның қуаттылығын арттыруда да мол мүмкіндіктер қарастырылған.»

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321