Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5068 0 пікір 24 Тамыз, 2015 сағат 10:51

АҚ "АСТАНА ЭКСПО-2017" ҰК " ЖАҢА БАСШЫЛЫҒЫ

АҚ "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" ендігі басқарушы топ-менеджементінің есімдері жарияланды, деп хабарлайды Today.kz АҚ ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Айта кетер болсақ, 19 тамызда  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті екі есе қысқарды: басқарма төрағасының орынбасарлары бесеуден үшке, ал басқарушы директорлар – тоғыздан төртеуге дейін қысқарған болатын.

Ендігі кезекте, басқарушылар тобы төмендегідей тізім бойынша жұмыс жасайтын болады:

Есімов Ахметжан Смағұлұлы – АҚ басқарма төрағасы
Пірметов Әлішер Хабиболлаұлы – АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары
Шорманов Ербол Әлімқұлұлы - АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Лютов Владимир Викторович - АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Қарымсақов Бейбіт Еркинбайұлы – АҚ басқарушы директор
Егімбаева Майя Ербулатқызы - басқарушы директор – АҚ заңгерлік департаментінің директоры
Мусин Ануарбек Нурбекұлы – АҚ басқарушы директор 
Соболев Владимир Владимирович – басқарушы директор – жаңа технологиялар және IT департаментінің директоры
Сонымен қатар ертеректе айтылған, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов АҚ "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" қоғаммен байланыс департаментінің басшысы болып тағайындалған болатын.

Есімовтің алдында ҰК төрағасы болып Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков болатын. Ол екі жұмысты Талғат Ермегияевтің коррупцияға күдікті ретінде үйқамаққа алынғаннан кейін атқара бастаған.

Еске салсақ, Ермегияев тұтқындалғаннан кейін АҚ басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия, ұлттық компания басқарма төрағасының директоры болып қызмет еткен Салтанат Рахимбекова да өз орнын босатқан еді.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1101
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733