Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2885 0 пікір 18 Тамыз, 2015 сағат 02:00

"ШУ-ҰЛЫТАУ" МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР ТҮЛКІБАСТА

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Шу – Ұлытау» марафондық жүгiруiне қатысқан спортшылар Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас ауданына келiп жеттi. Марафоншыларды аудан шекарасынан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев бастаған топ күтiп алды деп хабарлайды ОҚО әкiмi аппаратының баспасөз қызметi.

16 тамызда Жамбыл облысының Шу ауданынан бастау алған шарада спортшыларға Қазақ хандығының символикалық байрағы табысталған. Ендi марафоншылар байрақты эстафеталық жүгiру тәсiлiмен Тараз, Шымкент, Түркiстан, Қызылорда, Жезқазған қалалары арқылы 22 тамызда Ұлытауға жеткiзудi көздеп отыр.

Мерейлi дата қарсаңындағы шараның басты мақсаты – ел тұрғындары арасында салауатты өмiр салтын насихаттау, достық пен бiрлiктi нығайту және бұқаралық спорттың рухани әлеуетiн арттыру болып табылады.

16 адамнан құралған топ мүшелерi 1500 шақырымды 7 күнде жүрiп, Ұлытау жерiне аяқ басуды көздеп отыр. Бүгін, яғни, 18 тамызда марафоншылар Шымкент қаласына жетедi деп күтiлуде.

-- Бұл игі шараны қолға алған спортшыларға алғыс айтамыз. Қазақ хандығының 550 жылдығын салауатты өмір салтымен ұштастыра отырып насихаттаған азаматтарды әуелі Түлкібаста, енді шырайлы Шымкентте қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сапарларыңыз сәтті болсын, - деген облыс әкімінің орынбасары қайсар жандарға естелік сыйлық табыс етті.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмахаметәлі Бердашев жеңіл атлеттердің жүру бағытын таныстырса, Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұлов та спортшы қонақтарға естелік ретінде сыйлық тапсырды.

Желаяқтарды бастап келген Әлім Шәріпов бұл іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатқанын жеткізді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450