Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4089 0 пікір 13 Тамыз, 2015 сағат 10:24

МӘСКЕУДЕ ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН МЕШІТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Құрбан айт қарсаңында Мәскеуде Еуропадағы ең үлкен мешіт ашылады, - деп хабарлайды tengrinews.kz

Vешіт 23 қыркүйекте ашылады. Салтанатты шараға Ресей президенті Владимир Путин мен халықаралық дәрежедегі ислам діни көшбасшылары қатысады.

"Мешіттің ашылуына ислам негізгі және басым дін болып табылатын елдердің саяси жетекшілері қатысуы мүмкін. Ресейге Сауд Арабиясының королі, Катардың, Кувейттің, Түркияның, Палестинаның, Иорданияның басшылары мен Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Иран және өзге де елдердің президенттері шақыртылды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Собор мешітінің ашылуы Ресейдегі мұсылмандар үшін ғана емес, бүкіл әлемдегі ислам дінін ұстанушылар үшін атаулы шара болмақ.

Естеріңізге салатын болсақ, Ораза айт намазына биыл Мәскеуде 160 мыңдай адам жиналған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739